Сәрсенбі, 9 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 4369 0 пікір 25 Желтоқсан, 2009 сағат 08:18

Қостанайда телефон алаяғы ұсталды

Қостанай. 25 желтоқсан. ҚазТАГ - Қостанайда азаматтардан ақша бопсалаған телефон алаяғы ұсталды, деп хабарлайды облыстық ІІД.

Полиция 27 жастағы жігітті Қостанай ауданының Заречный кентінде қолға түсірген. Бұрын сотты болған күдікті кінәсін мойындап, облыс орталығында телефон алаяқтығының 4 фактісіне барғанын мәлім етті.

Полицияның мәліметіне сәйкес, ұсталған азамат колонияда отырған сотталған адам мен зардап шеккендердің арасында делдал рөлін атқарған. Қылмысты ұйымдастырушы адамның ұялы телефонына хабарласып, өзін полиция қызметкері деп таныстырып, полицияға түскен туысын босату үшін ақша талап еткен. Оның сыбайласының міндеті адаммен кездесіп, ақша алу болған. Осыдан кейін ол ақшаны қылмысты ұйымдастырушының шотына аударған.

Алаяқ 6 қарашада Қостанайдың 56 жастағы тұрғынының үй телефонына хабарласқан. Өзін полиция деп таныстырған ол азаматтың ұлы атыс қаруын сақтағаны үшін ұсталғанын хабарлады. Ол жігітті қылмыстық жауапкершілікке тартпау үшін мың доллар талап еткен. Қорқып кеткен ер адам оның сыбайласына белгіленген уақытта үйдің ауласына шығып, ақшаны қолына ұстатқан.

Бір аптадан кейін осындай оқиға қайталанған. Қаскүнемдер 59 жастағы әйелді алдап кеткен. Ол өзін аялдамада күтіп отырған күдіктіге 300 мың теңге алып шыққан.

9 желтоқсанда алаяқтар тағы да іске шықты, олар 40 жастағы әйелді нысанаға алған. Қылмыскерлер үйдегі телефонға хабарласқан, осылайша полицейлерді адастырмақ болған, өйткені мұндайда хабарласқан адамның телефонын анықтау мүмкін емес.

Облыстық ІІД қылмыстық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктіні ұстап, одан ұялы телефон және симм-карталар тәркілеген. Күдіктіден ешқайда кетпеу туралы қолхат алынды.

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1017
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2561
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 710
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 676