Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2989 0 пікір 25 Мамыр, 2009 сағат 19:47

Шымкенттің күйік орталығында «Қазарсенал» кәсіпорнының наурыздағы жарылыста зардап шеккен қызметкері қайтыс болды

Шымкент. 25 мамыр. ҚазТАГ – Шымкенттің күйік орталығында 20 мамырда қару-жарақ қоймасында жарылыс болған «Қазарсенал» кәсіпорнының жұмыскері көз жұмды. Осылайша, қайғылы оқиға салдарынан қаза болғандардың саны 4 адамды құрап отыр.
Ауруханада көз жұмған азамат «Қазарсенал ҒӨБ» ЖШС-тің 40 жастағы қызметкері жарылыс пен өрт орнында ауыр күйік жараларын алған. «Дәрігерлер қолдан келгеннің бәрін жасады. Бірақ осыған қарамастан, біз сырқатты ажал аузынан аман алып қала алмадық. Күйік жаралары өте терең әрі көп болған», - деп түсіндірді ОҚО күйік орталығының директоры Икрам Төлеев.
Қазір күйік орталығы мамандарының бақылауында зардап шеккен тағы үш адам ем қабылдап жатыр. Біреуінің ахуалы ауыр, ол жансақтау бөлімінде жатыр.
Бұрын хабарланғандай, 20 мамырда ОҚО Арыс қаласынан екі шақырым жерде «Қазарсенал ҒӨБ» ЖШС (ғылыми-өндірістік бірлестігі) аумағында жарылғыш заттары тұтанып, жойылуға жатқызылған жарақтардың жарылуына алып келген. Үш адам оқиға орнында көз жұмды, кәсіпорынның тағы 17 жұмыскері ауруханаға жатқызылды.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475