Қазақстан уранды байыту халықаралық орталығына Украинаның кіруіне келісім берді
Киев. 12 қаңтар. ҚазТАГ – Қазақстан уранды байыту халықаралық орталығына (УБХО) Украинаның кіруіне келісім берді. Бұл туралы Украина премьер-министрі Юлия Тимошенко мәлім етті.
Украинаның жанар май және энергетика министрлігінен атап өткендей мұндай рұқсатты алдымен Ресей берген. Астана өзінің келісімін 2009 жылдың соңында берді.
Уранды байыту халықаралық орталықты Қазақстан мен Ресей Иркутскідегі ангара электролизді химкомбинат базасында құрған болатын. Орталықты құру туралы құрылтай құжаттарға 2006 жылы қазанда ресейлік «Техснабэкспорт» ААҚ мен «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК қол қойған. БК аясында байыту қуатын іске 2013 жылы қосу жоспарланған.
УБХО-ның құрылғандағы негізгі мақсаты – ядролық емес мемлекеттерге «екі жақты» мақсаттағы – әскери және бейбіт - байыту технологиясын ашпай, АЭС үшін отын ретінде пайдалануға болатын байытылған уранға кепілді түрде қол жеткізуді қамтамасыз ету.
Бұрындары Киев УБХО-ға 10 пайыздық үлеспен қатысуы мүмкіндігін мәлімдеген.
Украинада төрт АЭС жұмыс істейді. Олар - Запорожская, Южно-Украинская, Ровенская және Хмельницкая АЭС-тері. Олардың жалпы жиынтық қуаты – 13,8 ГВт. Бұл - елдегі барлық электр қуатының жартысына тең. Мемлекет уран өндіреді, бірақ оны байыту қуаты жоқ. Украина АЭС-тері үшін барлық ядролық отын ресейлік ТВЭЛ корпорациясынан алынады.