Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2977 0 пікір 12 Қаңтар, 2010 сағат 09:23

«Оңтустiк» ӘКК шағын ұшақтар өндірісін ұйымдастырмақшы

Шымкент. 12 қаңтар. ҚазТАГ – «Оңтүстік» Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы (ӘКК) өңірде шағын ұшақтар шығару жобасын іске асырмақшы. Бұл туралы ӘКК баспасөз хатшысы Клара Серікбаева мәлім етті.

Ұлттық компания шағын авиацияны үш бағытта дамытпақшы: санитарлық, ауылшаруашылық авиация мен жолаушылар тасымалдайтын бағыттарда.

«Біз өз идеямызбен ресейлік «Авиациялық технологиялар мен композиттер» Арнайы конструкторлық бюросына»  («СКБ «АТиК») шықтық. Ол бізге көпмақсаттық, жалпы пайдаланыстағы «ТУ-410» ұшағын (Навигатор) ұсынды. Қазіргі уақытта фирма  жаңа ұшақты мәскеу авиациялық институтында сынақтан өткізіп жатыр», - деді жоба жетекшісі, ӘКК инновациялық даму департаментінің директоры Ғани Қарабеков.

«Оңтүстік» аталған маркадағы ұшақтарды шығару бойынша компания жобасын сатып алып, Шымкент әуежайында Ресейден келетін қосалқы бөлшектерден өздері ұшақты жинастырмақшы. Өндіріспен ӘКК еншілес компаниясы - «Оңтүстік-авиа» айналысатын болады.

Алдын ала келісім шарттары бойынша, «СКБ «АТиК» өкілдері жергілікті мамандарды ұшақты жинақтау технологиясына оқытуды өз мойнына алмақшы. Алғашқы шығарылатын ұшақтар жолаушы ұшақтары болады.

Алғашқыда салынатын қаражат көлемі 90 млн теңге болмақшы. Бұл «ТУ-410» ұшағының екеуінің бағасы. Жобаны іске асыруға үш жыл керек.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5357