Екібастұзда Toyota Land Cruiser автокөлігіне орнатылған газ балонның жарылуынан джип иесі қаза болды
Астана. 13 қаңтар. ҚазТАГ – Сейсенбіде Павлодар облысының Екібастұз қаласындағы жеке гараж кооперативтерінің бірінде тұрған Toyota Land Cruiser автокөлігінің қозғалтқышына отын беретін газ баллон жарылуы себепті, автокөлік иесі қаза болып, гараж қирады, деп хабарлады Қазақстан ТЖМ.
Ведомство Целинный көшесіндегі гаражда орын алған жарылыс туралы 6 сағат 45 минутта белгілі болғанын айтады.
«Toyota Land Cruiser» автокөлігіне орнатылған газ баллонның дұрыс пайдаланылмауынан ол жарылып, өрт шығып, гараждың темір-бетон шатыры қираған. Өрт сөндіру кезінде гараж ішінен 53 жасар автокөлік иесінің денесі табылды», - делінген таратылған хабарда.
Гараждағы өртті толығымен сөндіруге Павлодар облысының ТЖД өрт сөндіру қызметінің 7 жауынгері, 2 автоцистернасы жұмылдырылып, 3,5 сағатта өрт сөндірілді.