Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2989 0 пікір 13 Қаңтар, 2010 сағат 06:08

Батыс Қазақстанда қалың жауған қар мен бұрқасыннан зақымданған ЭТЖ-ні қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр

Астана.13 қаңтар. ҚазТАГ – Қалың жауған қар мен бұрқасыннан зақымданған Батыс Қазақстаннан өтетін электр тасымалдау желісін (ЭТЖ) қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлады Қазақстан ТЖМ.

Аймақтағы шұғыл әрекет қызметтерінің министрліктің республикалық дағдарыс орталығына жіберген жедел деректері бойынша, ауа райының осындай қауіпті құбылысы Тасқала ауданында көбірек байқалыпты.

ТЖМ таратқан хабар бойынша, 17 сағатта желдің жылдамдығы 15-20 м/с болып, қалың қар жауып және бұрқасын тұруы салдарынан электр желісінде жоғарғы және төменгі кернеуліктегі учаскелері зақымданып, уақытша сұлбамен қосылған «Каменка-Озинка», Крутая, Вавилина кенттері мен «Семиглавый Мар» станциясына баратын ЖЖ-110 КВ (Жоғарғы вольтті желі ЖЖ- 110 КВ) өшірілген.

Зардап шеккендер мен опат болғандар жоқ. Зақымдану салдарын жоюмен «Батыс Қазақстан АЭК»-тің 15 техникасы және апаттық бригадасының 37 маманы айналысып жатыр.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5340