Синоптиктер Қазақстанның оңтүстік облыстарында жел күшейіп, тұман түсіп, солтүстігінде – бұрқасын болады деп отыр
Алматы. 13 қаңтар. ҚазТАГ – Қазақстанның басым бөлігі атмосфералық фронт ағымдарының ықпалында болады, деп хабарлады сәрсенбі күні ТЖМ.
Алматы облысының Жалаңашкөл аумағында оңтүстік-шығыстан соққан жел 20-25 м/с, ұйтқығанда – 30 м/с болып, түнде кей жерлерінде тұман түседі.
Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында – кей жерлерінде тұман түсіп, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді, Қызылорда облысында – кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақтанып, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.
Мағыстау облысында түнде тұман түсіп, көктайғақ болады.
Қостанай, Солтүстік Қазақстан, күндіз Ақмола облыстарында – кей жерлерде бұрқасындатып, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.
Ақтөбе, Павлодар, күндіз Қарағанды облыстарында кей жерлерінде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданында жел 20-25 м/с-қа дейін күшейеді.
Алдағы тәуліктерде Қазақстанның көптеген өзен-көлдерінде мұз қату үдерісі жалғасады, республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығыс, шығысындағы өзендерде мұз тоспалар пайда болып, ОҚО-ның тау бөктерлеріндегі өзендерде жауынға байланысты су деңгейі көтерілуі мүмкін.