Синоптиктер Қазақстан облыстарының басым бөлігінде бұрқасындатады деп болжап отыр
Алматы. 15 қаңтар. ҚазТАГ- Қазақстан облыстарының басым бөлігі жұма күні атмосфералық фронт ағымдарының ықпалында болады. Республиканың батыс бөлігі ғана антициклон ықпалында болады, деп хабарлады Қазақстан ТЖМ.
Шығыс Қазақстан облысында желдің жылдамдығы 18-23 м/с болып, Жарма ауданында ұйтқығанда 23-28 м/с болады, бұрқасындатып, кей жерлерінде күшейе түседі.
Павлодар облысында бұрқасындатып, кей жерлерінде 15-20 м/с жел тұрады.
Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Қызылорда облыстарында – кей жерлерінде бұрқасындатады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады.
Жамбыл, Оңтүстік Қазақстанда – кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақтанып, желің жылдамдығы 15-20 м/с болады.
Атырау, Маңғыстау облыстарында – кей жерлерінде тұман түседі. Алматы облысында – түнде кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақтанады.
Алдағы тәуліктерде Қазақстанның көптеген өзен-көлдерінде мұз қату үдерісі жалғасады, республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығыс, шығысындағы өзендерде мұз тоспалар пайда болып, су деңгейі көтерілуі мүмкін.