Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3153 0 пікір 22 Қаңтар, 2010 сағат 06:04

БҚА басшысы банктердің өздерімен байланысты құрылымдарды артықшылықпен несиелеуін заңнамалық түрде шектеуді ұсынады

Астана. 21 қаңтар. ҚазТАГ – Дина Ермағанбетова. Бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттіктің (БҚА) төрағасы Мәжит Есенбаев екінші деңгейлі банктердің (ЕДБ) өздерімен байланысты құрылымдарды артықшылықпен несиелеуіне шек қоятын норманы заңды түрде бекітуді ұсынады.

«Қаржы нарығында банктер тарапынан алақол бәсекелестік оқиғаларының орын алғандығы анықталды. Банктер өзгелерге несие беруден негізсіз бас тартып, өздерімен байланысты құрылымдар үшін жеңілдікпен несиелеу жағдайын туғызған. Банктер өздерімен байланысты құрылымдарға да өзге компанияларға сияқты талаптар қоюын заңды түрде міндеттеу керек»,-деді ол премьер-министр Кәрім Мәсімовтің қатысуымен бейсенбі күні болған БҚА-ның кеңейтілген алқа мәжілісінің барысында.

М.Есенбаев нақты қай банктердің кемшіліктер жіберіп жатқанын айтпады.

ҚБА басшысы несие бойынша міндеттемелерін орындамау мақсатында кәсіпкерлік субьектілерінің көпе-көрінеу жалған банкрот болу фактілеріне назар аударды. «Өкінішке қарай мұндай фактілер бар. Және бірқатар алақол несие алушылар өз активтерін бөтен адамдардың атына аударып, банк алдындағы міндеттемелерінен бас тартады»,- деді ол.

БҚА мұндай әрекеттердің жолын кеседі деп атап өтті ол.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5340