Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3067 0 пікір 24 Қаңтар, 2010 сағат 08:09

Бортында қару болған қазақстандық Ил-76 ұшағының іздері Шымкетке әкеледі – Associated Press

Алматы. 23 қаңтар. ҚазТАГ – Бангкокта экипажымен тұтқындалған Ил-76 ұшағы шымкент әуекомпаниясына тиесілі, деп Associated Press (АР) оқиғаны жеке өзінің зерттеу қорытындысын жариялады.

«Өткен айда, болжам бойынша Солтүстік Кореядан Иранға қару контрабандасымен айналысқан деп, Тайландта тұтқындалған ұшақ ізі, қазақ даласының оңтүстігіндегі ескі кеңестік аэродромның шетінде орналасқан әуе тасымалдаумен айналысатын шағын компанияға әкеледі», - делінген зерттеу материалында.  

«Бангкокқа қонған ұшақты басқарған экипаж бастығы Александр Зыков тәркіленген 35 тонна қопарылғыш заттар мен реактивті гранаталарға, «жер-ауа» класындағы зымырандарға және басқа қаруларға қатысым жоқ дейді», - деп жазады агенттік. 

«Бірақ экипаж отбасы экипаждың түрмеге қамалатын кезде Зыковтың әуе тасымалдауымен айналысатын «East Wing» компаниясына жұмыс істегенін айтады. Сондай-ақ Зыковқа жұмыс істеген экипаж мүшелері, АР агенттігіне, олар жүктерді ресейдің қирайын деп тұрған ұшақтарымен Судан мен Сомали сында қақтығыс аймақтарына тасығанын айтып берді. «Көп жағдайда қандай жүк тасымалдап жүргенімізді білмейтінбіз», - деп экипаждың төрт мүшесі айтты. Олардың екеуі қолдан жасалған ұшу құжаттары мен кедендік ережелерден жалтарып кету сұлбалары кейде қалай пайдаланылатыны туралы айтып берді», - делінген жарияланған ақпаратта.

Жағдайға Алматыдан түсініктеме берген Зыков, 12-ші желтоқсанда қаруды тәркілеген кезде, ұшақ экипажы оған жұмыс істемегенін, оның алдында ғана экипаждың барлық бес мүшесі де екі апталық ақысыз демалысқа сұранып кеткенін айтты. Ол және ұшақтың иелері қатарында есептелетін оның әйелі - Светлана Зыкова да қару туралы білетіндіктерін теріске шығарды.

АР тілшісіне ол : «Онда, бұл ұшуға тапсырма бергендерді іздеңіздер», - деп телефон трубкасын тастай салды.

Оқиға, Бангкокта борытнда қаруы бар ИЛ-76 ұшағы мен оның төрт қазақстандық және бір беларусьтық экипажын қамауға алған соң жария болды.

Экипаждың бесеуіне де қару тасымалдау бойынша айып тағылып, қазір олар тексеру аяқталуын күтіп, тай түрмелерінде отыр.

Ұшақтың ақтық қону пункті ретінде Теһранның «Мехрабад» әуежайы көрсетілген. Жүк декларациясында тасымалданған жүктер «мұнай өндірісіне қажет қосалқы бөлшектер деп көрсетілген».. Жүктерге жауаптылар - Украиндық «Aerotrack Ltd» компаниясы мен кәрістердің Пхенян сауда корпорациясы деп көрсетілген.

АР мәліметтері бойынша, Зыков Шымкентте аты аңызға айналған - жергілікті «жүк» магнаты, оған жұмыс істейтіндерді қалада «зыковшылар» деп атайды.

Тұтқындалғандардың отбасы мүшелерінің айтуынша, олар Зыковқа жұмыс істегелі он жылдай болды, және Бангкокқа ұшу үшін жалдаған да сол.

«East-Wing» қызметкері Павел Могилевский, Тайландта тұтқандалған экипаж мүшелері компания қызметкерлері екенін АР-ға растады.

«Ия, олар біздің жігіттер. Олар бізге жұмыс істейтін», - деді ол агенттікке. Ал дәл осы ұшуға қатысты, олар қосымша жалақыға басқа жұмыс берушімен де жұмыс істейтін және ол жайлы бізге айтпайтын», - деді ол. Сондай-ақ ол «East-Wing» компаниясының бұл оқиғаға қандай да қатысы барлығын теріске шығарды.

Зыковтың әйелі де ұшақ бортында қару болғанын білетінін теріске шығарды. Ол: «Егер біз білген болсақ, біз ұшақты ешқашан жалға бермес едік», - дейді.

Шымкентте Зыковқа ұзақ мерзім жұмыс істеген инженер, Тайландта тұтқандалған адамдар Зыковтың тұрақты экипажының бір бөлігі болатын дейді. Бірақ, инженердің айтуынша, экипаж мүшелері «East-Wing» компаниясының ұшуларының арасында еркін түрде басқа да жұмыс берушілерге қызмет көрсете алатын болған.

«Сізге ұшқаныңыз үшін ақша төлейді, және сіз қораптарда не бар деп сұрақ қоймайсыз», - деді, жұмысынан айрылып қалудан қорқып, өзін таныстырмауды сұраған инженер.

Зыковқа тұтқындалған экипаж туыстары телефон шалып, түсініктеме беруін сұрағанда, ол барлық мәселені «SP Trading Ltd» иесі Луневтен сұраңыздар деп кеңес берген.

Киевте АР-ге берген сұхбатында Лунев Зыковпен көптен жұмыс істегенін айтып беріп, олар бір-бірін жақсы білетінін растаған.

Лунев, ұшақты жалға алу туралы келісімшарт тізбегі Зыковтар отбасын Солтүстік Кореядан қару тасыған ұшақ және экипажбен байланыстыратынын мойындады, бірақ ол осы тасымалдауларға олардың тікелей қатысы барлығы мен жәшіктерде не барлығы туралы білгендігін теріске шығарды.  

Лунев құжаттарды жалған толтырғаны мен қару-жарақ контрабандасына әрекеттенгені үшін украиндық «Aerotrack Ltd» компаниясын айыптайды. Оның айтуынша, жүкті Сотүстік Кореядан алып, бірнеше аялдама жасап, оның ішінде Бангкок пен Аль-Фуджейрада (БАӘ) тоқтаған соң, Киевтен Теһранға ұшуды бақылау «Aerotrack Ltd» компаниясының міндеті болған

Бельгиялық «International Peace Information Service» тәуелсіз зерттеу институтымен  тығыз қызметтес болып жүрген, қару саудасына қатысты сарапшы Брайан Джонсон-Томас АР-ға, Зыковтың есімі тыйым салынған ұшуларға қатысты бірнеше рет аталып отырғанын айтады. 

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің есебі бойынша 2006 жылдың қарашасында, Зыковтың әйеліне тиесілі компания 2006 жылығы ливан соғысы кезінде, «Хезболла» жасақтарымен бірге Израилге қарсы соғысу үшін сомалилік еріктілерді тасымалдауға ұшақ берген. «Одан өзге, ол сомалилік еріктілерді Ливия мен Сирияда оқытуға тасымалдаған», - дейді Джонсон-Томас.. Ол, екі жағдайда да – Сомалиден ұшу мен Тайландтағы оқиғада да – ерлі-зайыпты Зыковтар, бәлкім, олар ұшақтарының қандай мақсатта пайдаланылып жүргенін бімеген шығар дейді. 

Өз кезегінде «Время» газеті 2006 жылы Зыковтың GST компаниясы Қазақстан президентінің іс басқаруындағы «Беркут» РМК-мен ынтымақтастықта болған деп жазған. Сонымен қатар GST Могадишоға қару апарғанында бірнеше рет көзге түскен. Бірақ олар онда «Беркут» әуекомпаниясының борттық рәміздерімен барған.

Бұрын хабарланғандай, Бангкокта 12-ші желтоқсанда бортында 40 тоннаға жуық қару-жарағы бар Ил-76 жүк ұшағы ұсталған. Ұшақ КХДР-дан келе жатып, жанармай құю үшін Бангкоктың Дон Мыанг әуежайында қонуға рұқсат сұраған.

Ил-76 экипажының бес мүшесі  - Қазақстан азаматтары - 53 жастағы Александр Зрыбнев, 58 жастағы Виктор Абдуллаев, 54 жастағы Виталий Шумков, 53 жастағы Ілияс Исаков және Беларусь елінің 54 жастағы азаматы Михаил Петухов қамауға алынды.

БАҚ-тардың хабарлауынша, ұшақ экипажы КХДР-дан әкеле жатқан борт жүгінде не барлығын білмеген.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3232
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5341