«Ақтөбе» футболдан Достастық кубогының финалында ресейдің «Рубин» командасының қосалқы құрамынан 2:5 есебімен жеңліп қалды
Алматы. 24 қаңтар. ҚазТАГ – ТМД мен Балтық елдерінің футболдан Достастық кубогының финалында Қазақстан чемпионы «Ақтөбе» ресейлік «Рубиннің» қосалқы құрамынан 2:5 есебімен ұтылып қалды.
Ойынның үшінші минутында-ақ рубиндіктер есеп ашты. Бірақ қазақстандықтар оны тез арада теңестіріп үлгерді. Дегенмен, бірінші тайм 1:3 есебімен рубиндіктердің пайдасына аяқталды. Екінші таймның басында Эмиль Кенжесариев есепті 2:3-ке жеткізді. Бірақ ойынның 58-ші минутындағы Самат Смақов Портнягинді құлатып, судья айып добын тағайындады. Оған наразы болған «Ақтөбеліктер» судьямен дауласып кетті. Соның салдарынан алаңнан Асанбаев қуылды да, пенальтиді рубиндік Портягин пайдаланып, есепті 2:4-ке жеткізді. Ойынның соңғы минуттарына дейін ақтөбеліктер тырысып бақты, бірақ бір ойыншының алаңда жоқтығы білініп-ақ тұрды да, Котляровтың соққан соңғы добы есепті 2:5-ке жеткізді.
Еске сала кетсек, мәскеу турнирінің финалына «Ақтөбе» қатарынан екі рет шықты. Былтыр да финалдық ойында ақтөбеліктер молдавалық «Шерифтен» пенальтиде 4:5 есебімен ұтылып қалған.