Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2442 0 пікір 27 Мамыр, 2009 сағат 05:25

Қазақстан Пхеньянды ядролық сынақтар үшін сынға алды және елді алты жақты келіссөздерге оралуға шақырды – СІМ

Астана. 26 мамыр. ҚазТАГ – Қазақстан КХДР-дың ядролық сынақтарын сынға алады, деп атап көрсетілген республика СІМ-нің мәлідемесінде, оны сейсенбі күні ведомствоның баспасөз қызметі таратты.

«Қазақстан ядролық қаруға ие болудан өз еркімен бас тартқан және жаһандық қарусыздану процесіне елеулі үлес қосқан ел ретінде әлем қауымдастығының үндеулеріне қарамастан өткізілген ядролық сынақтар тәжірибесін сынға алады. Біз бұл қадам жаһандық таратпау процесі үшін теріс нәтиже беріп, аймақтық және жаһандық көлемде қауіпке ие екеніне сенімдіміз», - деп атап көрсетілген мәлімдемеде.

Қазақстан Солтүстік Кореяны «ядролық батыл жоспарлардан бас тартуға», сондай-ақ, «ядролық проблема бойынша Қытайдың, Ресейдің, АҚШ-тың, Оңтүстік Корея мен Жапонияның қатысуымен алты жақты келіссөздерге оралуға» шақырады»,-делінген құжатта.

Дүйсенбі күні Кильчу уездінің ауданында КХДР қуаты 20 килотоннаға жететін ядролық қарудың жер асты сынағын өткізіп, Мусудан мүйісінен және Вонсан қаласының маңынан аз қашықтыққа әсер ететін үш зымыранды ұшырды. Бүгін КХДР аз қашықтыққа әсер ететін тағы екі зымыранды ұшырды.

БҰҰ-ның қауіпсіздік кеңесі КХДР жүргізген ядролық сынақты сынға алып, осыған байланысты жаңа резолюция қабылдауды шешті.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5443