152 мың оңтүстікқазақстандық жұмыспен қамтуға және әлеуметтік қамсыздандыруға мұқтаж
Шымкент. 26 мамыр. ҚазТАГ – Жүргізілген мониторинг барысында анықталғандай, биыл 152 мың оңтүстікқазақстандық жұмыспен қамтуға және әлеуметтік қамсыздандыруға мұқтаж болады. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бастығы Жеңісбек Мәуленқұлов дағдарыс кезеңінде ұлттық экономиканы дамытуға арналған ғылыми-тәжірибелік конференцияда мәлім етті.
«Осыған байланысты «жол картасы» бағдарламасына сәйкес, 43 011 жұмыс орны құрылады, 12 127 әлеуметтік жұмыс орны ашылады. Жастар тәжірибесі бойынша 7 218 адам жұмысқа жіберіледі. Облыстық жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша 70 мыңнан аса адам тұрақты және ақылы қоғамдық жұмыспен қамтамасыз етіледі», - деді Ж. Мәуленқұлов.
Сондай-ақ, басқарманың мәліметтеріне сәйкес, мамандығы жоқ 1 824 азаматты қайта дайындауға 140 млн теңге қарастырылып отыр. Ал 19 373 аз қамсыздандырылған азаматтарға жалпы сомасы 710 млн теңгенің әлеуметтік жәрдемақылары беріледі.