Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2412 0 пікір 27 Мамыр, 2009 сағат 05:58

БҒМ 4-10 маусым аралығында өтетін ҰБТ үшін бірқатар оң жаңалықтар дайындап қойды

Астана. 26 мамыр. ҚазТАГ – Әсел Мұқанова. ҚР Білім және ғылым министрлігі (БҒМ) алда өтетін ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) үшін бірқатар оң жаңалықтар дайындап қойды, деп хабарлады БҒМ басшысы Жансейіт Түймебаев.

«Биылғы жылы біз бірқатар жаңалықтар енгіздік. Біріншісі – түлектер мен олардың ата-аналарының тілегін ескере отырып, биыл ҰБТ 4 маусымда басталып, 10 маусымға дейін жалғасады; екіншісі  – бір ағымдағы адамдардың саны 800 адамға дейін азайтылды; үшіншісі – ағымдардың саны 5-тен 7-ге дейін көбейтілді; төртіншісі – ҰБТ өткен жылдардағыдай 5 күн емес, 7 күн бойы өтеді», - деді Ж. Түймебаев сейсенбі күні үкіметте өткен баспасөз брифингінде.

Сондай-ақ, БҒМ басшысы өткен жылдармен салыстырғанда тестілеудің уақыты 30 минутқа көбейтілгенін еске салды.

Министр ҰБТ сұрақтары жалпы білім беретін мектептердің бағдарламалары шеңберінде болатынын айтып, сендірді. «Ата-аналар мен түлектерге бұған қатысты алаңдамауға болады деп айтқым келеді», - деп толықтырды өз сөзін Ж. Түймебаев.

Министрдің айтуынша, биылғы жылы тестілеу таңғы сағат 9-да 29 қала мен 80 аудан орталығында құрылған 154 тестілеу қосынында басталады. «Аталған тестілеу қосындары 51 ЖОО мен 103 аудандық жалпы білім беретін мектептің негізінде жұмыс істейтін болады», - деп түсіндірді Ж. Түймебаев.

Министрдің ақпараты бойынша, биылғы жылы 7840 мектепті 132461 түлек бітіреді, олардың 108576 немесе түлектердің жалпы санының 82% ҰБТ тапсыруға ниет білдірді.

Биылғы жылы «Алтын белгіге» үміткерлердің саны - 2939.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5441