Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2799 0 пікір 1 Ақпан, 2010 сағат 13:28

Әблязов Қытай басшылығына қытай компаниялары Құлыбаевқа пара берді деген фактілерді тексеруді ұсынды

Алматы. 1 ақпан. ҚазТАГ «БТА банктің» бұрынғы директорлар кеңесінің төрағасы Мұхтар Әблязов, Қытай басшылығына қытай компаниялары CNPC Exploration & Development Company Ltd және оның бірқатар еншілес компанияларымен, оның ішінде CNPC International Limited - тің «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ төрағасының орынбасары Тимур Құлыбаевқа пара берді деген фактілерді тексеруді ұсынды. М. Әблзяов тиісті үндеуін ҚХР басшысы Ху Цзиньтаоға, сондай-ақ бас прокуратура мен Қытай мемлекеттік қауіпсіздік министріне жіберді.

«Қытай Халық Республикасының басшылығы мен Қытай коммунистік партиясы, ҚХР мемлекеттік органдары мемлекет қаражатын талан-таражға салушылықпен, парақорлықпен қаншалықты белсенді және принципті әрі жүйелі түрде күресіп отырғанын білгендіктен, сіздерге жоғарыда аталған қытай компанияларының жекелеген басшыларының заң мен моральдық-этикалық нормаларын бұзғаны жөніндегі өзімдегі бар құжаттардың көшірмесін беруді парызым деп санадым», - делінген оның дүйсенбі күні таратқан мәлімдемесінде.

М. Әблязовтың айтуынша, ол ұсынып отырған құжаттардан көрініп тұрғандай, «Қазақстан үкіметі «СНПС-Ақтөобемунайгаздың» акциясының  блоктаушы пакетін сатуға дайындығын жариялаған соң, CNPC компаниясы 49% үлеспен CNPC International (Caspian) Ltd  компаниясының құрылуына келісуге мәжбүр болды да, ондағы үлесі келешекте Т. Құлыбаевтың бақылауындағы оффшорлық Darley Investment Services Inc компаниясына небәрі 49 долларға сатылды».

«Мен CNPC Exploration & Development Company Ltd, CNPC International Limited компания басшылары мен басқа да қытайлық инвесторларды қазақстандық шенеуніктерді сатып алуға әрекеттенді деген ойдан аулақпын, себебі, бұл қылмыстарды жекелеген тұлғалар өздері басқаратын корпорациялардың бизнес-мүдделерінің Қазақстан аумағында ілгерлеуін қамтамасыз ету мақсатында өздерінің қызмет бабын асыра пайданаланды деп есептеймін. Және Қазақстан президентінің күйеу баласы ретінде республикада ықпалы зор Т. Құлыбаевтың қысымына төтеп бере алмады», - делінген М. Әблязовтың мәлімдемесінде. 

Оның мәліметтерінше, «соңыра осы 49% үлес қатысуы CNPC мен оның еншілес құрылымдарымен сатып алынды, және осы екі мәміле аясында Darley Investment Services Inc-ке барлығы 165,9 млн доллар төледі».

«СНПС-Ақтөобемунайгаздың» акциясының  блоктаушы пакетін сату CNPC ақшасына жүргізілгендіктен, мәмілеге  Darley Investment Services Inc-тің араласуы қажет болмады, ал бұл қомпанияның көрген 165,9 млн доллар көлеміндегі кірісі қазақстандық лауазымды тұлғалардың алған парасы. Себебі осы параға байланысты  акцияның  блоктаушы пакетін сату, оның бағасы мен басқа да шарттар қабылданды. Мен, ұсынылып отырған құжат көшірмелері ҚХР құқық қорғау органдарына пара берушілерді қатаң жазалау арқылы тағы да Қытай Халық Республикасының, Қытай коммунистік партиясының, Қытай мемлекеттік органдарының мемлекет қаражатын талан-таражға салушылықпен, Қытай Халық Республикасына да Қазақстан Республикасына да бірдей қауіпті осы қылмысты жасаудағы айыптылардың сіңірген еңбегіне қарамай,  парақорлықпен қаншалықты белсенді және принципті әрі жүйелі түрде ұстанып отырған күресу бағытын тағы да танытады деп есептеймін», - делінген БТА банктің экс-басшысының мәлімдемесінде. Оның өзі ҚР бас пркуратурасының БТА қаражатын тонау бойынша қылмыстық топ ұйымдастырған деген айып тағылуына байланысты халықаралық іздестірілуде жүр.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5381