Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3110 0 пікір 2 Ақпан, 2010 сағат 10:56

«Қызыл зонадағы» сотталған тоғыз адам өздерінің басқа колонияға ауыстыруына наразылық ретінде денелерін зақымдады

Алматы. 2 ақпан. ҚазТАГ– Дилярам Аркин. Шығыс Қазақстан облысының Солнечный кентінде орналасқан ОВ 156/17 колониясының («Қызыл зона» – ҚазТАГ) тоғыз тұтқыны өздерінің басқа колонияларға ауыстырылуына наразылық ретінде денелерін зақымдап, қарындарын жаруға әрекеттенді. Бұл туралы ҚазТАГ тілшісіне өзін таныстырғысы келмеген сотталғандардың біреуі хабарлады.

Оның айтуынша, оқиға ақпанның 1-нен 2-сіне қараған түні болған.

«ОВ 156/17 колониясы күш құрылымдарының өкілдері жазасын өтейтін Қазақстандағы жалғыз колония. Сотталғандардың тоғызын басқа әлем қылмыскерлері отырған түрмелерге ауыстырғысы келген. «Қызыл зонадан» басқа «қара зонаға» ауыстыру - өліммен тең. Олардың өздері кезінде ұстаған, соттаған адамдар бұларды зоналарда құртуға әрекеттенеді. Біз бұған қарсы шықтық. Сөйтіп, қоғам назарын осы мәселеге аудару үшін, осындай соңғы қадамға бардық», - дейді дерек көзі.

Одан басқа, оның айтуынша, бұрынғы құқық қорғау орган қызметкерлерін басқа түрмелерге ауыстыру осы колониядағы сотталғандардың құқығын бұзушылық болып табылады.

«Қылмыстық-атқару кодексінің 75-ші бабында сотталған құқық қорғау орган қызметкерлері бөлек түрмелерде ұсталуы керектігі айтылған. Ал бізді басқа түрмелерге ауыстырғысы келеді», - дейді сотталғандардың біреу.

Оның айтуынша, былтыр колонияның әкімшілік шешімімен ОВ 156/17-дегі сотталғандардың бесеуін «қара зонаға» ауыстырмақшы болған. Наразылық акциясынан соң, олардың төртеуін осында қалдырып, кейін, бәрі басылған соң, оларды бәрібір басқа колонияларға ауыстырды.

«Олар арнайы қызметтің бұрынғы офицерлері: Алматы қаржы полициясының бұрынғы басқарма бастығы Ғайнулла Қыстаубаев, Оңтүстік Қазақстан облысының ІІД-нің бұрынғы бірінші орынбасары Дәрібай Шалаев, Павлодар облысының қаржы полициясы департаментінің бұрынғы басшысы Серік Салтанбеков, Алматының қаржы полициясы департаментінің бұрынғы бастық орынбасары Тимур Жағыпаров пен қаржы полициясының бұрынғы қызметкері Александр Шестаков және қаржы полициясының тағы бір бұрынғы қызметкері Ертай Әбішевтер. Олардың барлығы қазір «қара зонада» отыр. Мысалы Г. Қыстаубаев Ақтөбе облысындағы Атбасар жалпы тәртіптегі колониясына ауыстырылды. Ертай Әбішев Қостанай облысындағы қатаң тәртіптегі колонияда отыр. Олардың тағдыры туралы бізге ешнәрсе белгісіз», - дейді телефон арқылы сұхбатшымыз.

Оның айтуынша, іштерін ұстарамен жарақаттаған тоғыз сотталған қазір лазаретте жатыр. Олардың тағдырына алаңдаушылық білдіргендіктен аты-жөндерін атаудан сұхбатшымыз бас тартты.

«Олардың жағдайын түрме дәрігерлері қанағаттанарлық деп бағалады», - дейді ол.

Оның айтуынша, ОВ 156/17 түрме әкімшілігі оқиғадан соң жеңілдікке барған.

«Әзірге шиеленіс шешілген сияқты. Әкімшілік біздің талаптарды қарастырып жатыр», - деп қорытындылады ол.

Бұл жерде, арнайы қызметтің офицерлері - Г. Қыстаубаев, А. Шестаков пен Т. Жағыпаровтар жемқорлыққа байланысты ұзақ мерзімдерге сотталғанын айта кету керек. Т. Қыстаубаевтың есімі 2006 жылы маусымда президент Н. Назарбаевтың баяндамасына іліккен. Мемлекет басшысы қаржы полициясының қызметкері Қыстаубаевтың үйінде «Бентли», «Лексус», екі «Мерседес», «Харлей» мотоциклі мен басқа да қымбат заттар табылғанын атап өткен.

Бұрынғы полковник Дәрібай Шалаев кезінде «үздік-оперуөкілетті» ретінде марапатталған болатын. Полицияда 28 жыл қызмет атқарып, «Тайсон» атты қылмыскерді ұстағанымен аты шыққан. Полковник Шалаев есірткі бизнесі үшін 17 жылға сотталды.

Сотталған бұрынғы полковник Серік Салтанбеков Қазақстанның Австриядағы бұрынғы елшісі Рахат Әлиевтің ісіне байланысты сотталған.

Колонияда 900 адам жазасын өтеуде.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3239
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5379