Судан… 1993 жылдың көктемінде түсірілген сурет
Судан... 1993 жылдың көктемінде түсірілген сурет фотограф Кевин Картерді атақ-даңқ биігіне бір-ақ шығары. Үш ұйықтаса түсіне кірмеген Пулитцер сыйлығын алды, беделді журналдардан жұмысқа шақыртулар бума-бума болып келіп жатты. Осылайша, сәтті сурет бір адамның атын аспандатты, ал осы тағдырлы фотодағы қызды ажал тапты. Аштықтан терісі сүйегіне ілінген бейшара қыз жүруге дәрмені жетпей, үнсіз жылап жатыр. Артқы фонда - өлім тілеп отырған өлексеші-құзғын. Сол 1994 жылдан бері Судандағы ахуал айтарлықтай өзгере қойған жоқ. Ұлттық экономика тұралаған, халық әлеуметтік жәрдемақы дегенді тек қаржылық термин ретінде біледі. Ал, биліктің қауқарсыздығы мен жемқорлыққа пейілділігінен халықаралық ұйымдар бөлген қаржы құмға сіңген судай жоғалуда. Осыдан да, тек Судан ғана емес, бүкіл Африка құрылығы бойынша биылдың өзінде 150-170 млн адамға аштық қаупі төніп тұр.
Orken&K