Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3213 0 пікір 3 Ақпан, 2010 сағат 06:10

Ұлттық банк, Қазақстанда теңгемен электронды ақша шығаруды реттейтін түзетулерді даярлады

Астана. 2 ақпан. ҚазТАГ – Дина Ермағанбетова. Парламент мәжілісі, Қазақстанда теңгемен номинацияланған электронды ақша шығаруды реттейтін заңнамаға түзету енгізудің жобасын жұмысқа қабылдады. Түзетулерді даярлаған – Ұлттық Банк.

Қазіргі уақытта республикада ҚР резиденттері еместер шығарған электронды ақшалар пайдаланылуда. Өйткені, қазақстанның екінші деңгейлі банктеріне (ЕДБ) дәл осындай қаржы құралдарын шығару үшін қажетті құқықтық база жоқ.

Бұл «елден қаржының кетуіне және ел ішіндегі сауда операцияларына қызмет ету үшін шетелдік эмитенттердің электронды ақшаларын пайдалануға ықпал етеді», - деп атап өтті Ұлттық Банк төрағасының орынбасары Батырбек Әлжанов.

«Заң жобасы қабылдана қалған жағдайда, қазақстан банктері үшін ұлттық валюта теңге түрінде электронды ақша шығаруға, ал интернет-пайдаланушыларға оны онлайн-сатып алулар жасау үшін пайдалануға мүмкіндік туады. Бұл түзетулердің қабылдануымен, елде интернет-сауданың одан ары дамуы, интернеттің қазақстандық бөлігінің ішкі сұраныстарына бейімделген электронды ақшаның отандық жүйесінің пайда болуы күтілуде», - деді ол сейсенбі күні заң жобасын мәжіліске ұсынғанда.

Б.Әлжанов мына бір дерекке назар аударды. Оған сәйкес, қазіргі уақытта ресейлік WebMoney электронды төлем жүйесін 30 мыңдай қазақстандықтар ресми түрде, ал бейресми дерек бойынша 200 мыңдай адам пайдаланады екен. РФ электронды төлем жүйелерінің көмегімен қазақстандық 30-40 интернет-дүкендер тауарлар мен қызметтерді сатады.

Заң жобасын талқылау барысында бірқатар депутаттар аталған түзетулердің, яғни, теңгемен номинацияланған электронды ақша шығарудың қажеттілігіне күмән білдірді.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377