Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2997 0 пікір 4 Ақпан, 2010 сағат 06:36

Келіннің жолы «кесірлі» болды

Естеріңізде болса, «Central Asia Monitor» басылымы жылжабар нөмірінде барыс жылында болуы мүмкін деп болжаған жаңалық ретінде «Оскар» сыйлығы ең үздік рөлі үшін «Келін» фильміндегі ешкіге бұйырды» деп әзілдеген-ді.  Ал ендеше, бүгіннен бастап түсіңізге кірген Тұрсыновтың ешкісі «Оскар» алып, опық жегізбесе болды деген оймен хош айтыса беріңіз. Себебі,  Американ киноакадемиясы жариялаған ресми тізімнен «Келінді» көре алмадық. Осыған дейін «шет тіліндегі ең үздік фильм» аталымы бойынша бақ сынасқан 65 фильмнің ішінен «Оскар» сыйлығының комитеті шертіп-шертіп, тоғызын таңдап алды. Ал 2 ақпандағы іріктеу бойынша ақырғы байқауға тек 5 фильм жіберілуі тиіс болса, осы тізімге «Самсон мен Далила» (Австралия), «Соғыстағы қыс» (Нидерланды), «Әлемді құтқару бұрышта күтіп тұр» (Болгария) ленталарымен қатар «Келін» (Қазақстан) ілікпей қалды.  Сөйтіп, «Оскарға» шықпақ болған «Келіннің» жолы «кесірлі» болды...

Ө.Дархан

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377