Астанада Норвегияның елшілігі ашылады
Астана. 5 ақпан. ҚазТАГ - Норвегияның Қазақстандағы елшілігінің ресми ашылуы жұма күні Астанада болады. Елшіліктің ашылу рәсіміне Қазақстан астанасына бейсенбі күні кешкісін келген Норвегияның кронпринці Хокон Магнус қатысады.
Норвегияның дипмиссиясының ресми сайты хабарлағанындай мұрагер ханзада делегациясы Норвегияның сыртқы істер және мұнай мен газ министрліктерінің 20 өкілінен тұрады. «Мұрагер ханзада Хокон Магнус, Норвегияның сыртқы істер министрі Джонас Гахр Стыр, сондай-ақ Норвегияның мұнай мен энергетика министрінің орынбасары Робин Косс елшіліктің ашылу рәсіміне қатысады», - делінген хабарда.
Бұрын хабарланғандай, осы күні мұрагер ханзаданың Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен Ақ Ордада кездесуі жоспарланған.
Одан соң кронпринц Л. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлтық университет студенттерімен кездесуінде «БҰҰ-ның мыңжылдық дамуы мен мақсаттары» тақырыбында дәріс оқиды деп жоспарлануда. СІМ басшысы Гахр Стыр ҚР сыртқы істерінің вице-министрі Константин Жигаловпен кездеседі.
Одан соң норвегиялық қонақтар Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімовтың атынан берілетін ресми түскі асқа қатысады.

Мұрагер ханзада сондай-ақ SYSLAB орталығын ашады. Дипмиссиядан түсіндіргендей, бұл орталық жұмыссыз азаматтардың проблемаларымен, оларды жаңа мамандықтарға оқытумен айналысатын болады. «Орталық норвегиялық Берген қаласында 1992 жылы ашылған болатын. Оның мақсаты жұмыссыз қалған академиктерді жұмысқа тарту болды», - дейді дипломаттар.
Астанадағы елшілік Норвегияның Орта Азиядағы тұңғыш елшілігі. Хабарда атап көрсетілгендей, елшілік біртіндеп Норвегияны тек Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар Қырғызстанда, Тәжікстанда және Түркменстанда уәкілдендіреді.
Бұған дейін Астанада Норвегияның консулдығы ғана болатын.