Жексенбі, 25 Мамыр 2025
Жаңалықтар 3060 0 пікір 6 Ақпан, 2010 сағат 05:15

Қазақстан Ванкуверде өтетін Олимпиадалық ойындарға 40 лицензия ұтып алды

Алматы. 5 ақпан. ҚазТАГ – Қазақстандық спортшылар Ванкуверде өтетін қысқы Олимпиадалық ойындарға қатысу үшін спорттың 9 түрінен 40 лицензия ұтып алды, деп хабарлайды sports.kz  спорттық порталы.

Қазқстандық делегацияның құрамында 39 спортшы бар. Халықаралық олимпиадалық комитет пен Канаданың ұлттық олимпиадалық комитеті жариялаған соңғы тізім (5 ақпандағы – ҚазТАГ) бойынша, Қазақстанға 40 лицензия берілген.

Құрама команданың жалпы тізіміне Радик Жапаров (трамплиннен шаңғымен секіру) пен Наталья Рыбакова (конькимен сырғанау) қосылған.

Ванкуверде қазақстандықтар биатлон, шаңғы жарысы, тау шаңғысы, конькимен сырғанау, трамплиннен шаңғымен секіру, фристайл, шорт-трек, мәнерлеп сырғанау және фристайл (могул мен акробатика) сияқты спорт түрлерінен жарысқа түседі.

Құраманың ту ұстаушысы болып биатлоннан спорт шебері Диас Кенешов белгіленген. 24 жасар Диас жаздық биатлоннан 2008 жылы өткен әлем чемпионатының күміс және қола жүлдегері, Қазақстан чемпионаттарының бірнеше дүркін жүлдегері және жеңімпазы.

Естеріңізге сала кетсек, Ванкувердегі олимпиадалық ойындар 12-28 ақпан аралығында өтеді.

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 2880
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 4619