Экономикадағы жұмыс бастылардың саны 7,9 млн адамға жетті; қаңтардағы жұмыссыздық деңгейі - 6,4% болды - статагенттік
Алматы. 12 ақпан. ҚазТАГ– 2010 жылдың қаңтарында республика экономикасындағы жұмыс бастылардың саны, мемстатком мәліметтерінше - 7,9 млн адамға жетті. Былтырғы осындай аралықпен салыстырғанда, олардың саны 100,4 мың адамға немесе 1,3% артты.
Аталған аралықта жалдамалы жұмысшылар саны 5,3 млн адамға жетіп, ол жалпы жұмыс бастылардың 66,6%-ын құрады.
Статагенттіктің мәліметтерінше, қаңтардағы жұмыссыздар саны 542,9 мың адам болып, жұмыссыздық деңгейі 6,4% болды. Ресми түрде қаңтардың соңына ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жұмыспен қамтамасыз ету органдарында 63,4 мың адам тіркеуде тұрған. Тіркелген жұмыссыздар үлесі еңбекке жарамды адам санының 0,7%-ын құрады (2009 жылдың қаңтарында - 0,7%).