Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2281 0 пікір 15 Ақпан, 2010 сағат 04:22

Тайланд түрмесінен босатылған үш ұшқыш Шымкентке оралды, бірақ БАҚ өкілдерімен кездесуден бас тартып отыр

Шымкент. 15 ақпан. ҚазТАГ – Тайланд түрмесінен босатылған Ил-76 ұшағының үш шымкенттік ұшқышы үйлеріне оралды. Бірақ олар БАҚ өкілдерімен кездесуден тартынып отыр.  

Шымкенттік бір топ журналистер оларды әуежайда күтті, бірақ ауа райының қолайсыздығанан ұшақ кешіге берді. Кейін белгілі болғандай олар поезбен келіпті. Олармен кездесуге барған журналистерге вагон жолсерігі ұшқыштардың Шымкентке жетпей Манкенттен түсіп қалғанын жеткізген. Үйлеріне телефон соққан журналистерге ұшқыштар ешқандай БАҚ өкілдерімен кездескісі келмейтінін жеткізіпті.

Бұрын хабарланғандай, Қазақстанның Тайландтағы дипломатиялық миссиясынан алынған деректер бойынша, Астана уақытымен 17 сағат 15 минутта Қазақстанның төрт азаматы мен Беларусьтің бір азаматы Бангкоктан «Эйр Астана» компаниясының ұшағымен ұшып шықты. Олар сенбіге қараған түні 00 сағат 32 минутта Алматы әуежайына қонды.

Бірақ терминалда күтіп тұрған журналистеріне ұшқыштармен кездесіп, сауал қоюына мүмкінідк берілген жоқ.

Сенбі күні түс ауа бас прокуратураның баспасөз қызметі Қазақстанның арнайы қызметі қазақстандық Ил-76 ұшағының ұшқыштарынан жауап алып, олар өздері тасымалдаған жүктер туралы қаншалықты хабардар болғанын тексереді, деп хабарлады.

«Жүргізілген тексеру қорытындылары жайлы Тайланд жағына хабар беріледі», - делінген баспасөз парақшасында.

Бірақ әзірге қазақстандық ұшқыштар өз елінде сотқа тартылатыны-тартылмайтыны белгісіз.

ҚР СІМ деректерінше, Ил-76 ұшағының бортында табылған қару-жарақ әзірге Тайланта қалады. «Тайлық билік не істеу керектігі туралы ақтық шешімге келмейінше, ол қарулар мен ұшақ Тайланд аумағында қала береді», - деді ҚР СІМ ресми өкілі.

Жүк тасымалдайтын Ил-76 экипажының бес мүшесі  - Қазақстан азаматтары - 53 жастағы Александр Зрыбнев, 58 жастағы Виктор Абдуллаев, 54 жастағы Виталий Шумков, 53 жастағы Ілияс Исаков және Беларусь елінің 54 жастағы азаматы Михаил Петухов тайлық түрмеде екі айдан астам отырды. Тайланд прокуратурасы оларға қару-жарақты заңсыз тасымалдағаны және ол туралы тайлық билікке айтпағаны үшін айып тақпау туралы шешім қабылдады. AFP-ге сілтемелеп  Bangkok Post хабарлағандай, елдің бас прокуратурасының өкілі Тханапик Мулапрук (Thanapich Mulapruk) ұшқыштар өздерінің елдерінде жауапкершілікке тартылады деп болжаған.

Бұрын хабарланғандай, Бангкокта 12-ші желтоқсанда бортында мұнай бұрғылау жабдықтары деп декларациясында көрсетілген 35 тоннаға жуық қару-жарағы бар Ил-76 жүк ұшағы ұсталған. Ұшақ КХДР-дан келе жатып, жанармай құю үшін Бангкоктың Дон Мыанг әуежайында қонуға рұқсат сұраған. Ил-76 экипажының бес мүшесі де қамауға алынған болатын. БАҚ-тардың хабарлауынша, ұшақ экипажы КХДР-дан әкеле жатқан борт жүгінде не барлығын білмеген.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5434