ЕМАЭС-1-дің модернизациялануына қажет бірқатар жабдықтарды Қазақстанда жасайды
Павлодар. 15 ақпан. ҚазТАГ – Екібастұз МАЭС-1-дің модернизациялануына қажет бірқатар жабдықтарды Қазақстанда жасау қажет. Бұл туралы Павлодар облысының әкімдігінде ынытмақтастық жөнінде өткен кеңесте «Қазақмыс» коропрациясының энергетика жөніндегі басқарушы директоры Николай Коробовский мәлім етті.
«Біріншіден біз қазақстандық мазмұн үлесін арттырамыз, екіншіден – тасымалдауға кететін шығынды азайтамыз», - дейді басқарушы директор.
«Қазақмыс» пен «Самұрық-Қазына» иелікке алған станцияда 2008 жылдан бері жұмыс істеп тұрған энергоблоктарды түбегейлі жөндеуден өткізіп, тоқтатылған – сегішінші, екінші және бірінші энерголоктарды жетілдіру бойынша ауқымды жоба іске асырылуда. Қазіргі уақытта №8-ші блокты қалпына келтіру жұмыстары басталды.
«Бұл өте қымбат жоба және біз 2017 жылға дейін $1 млрд 100 млн инвестиция саламыз. Және біз өндірісті Қазақстан аумағында жасау туралы принципті мәселе қойып отырмыз», - деді Н. Коробовский.
Оның мәліметтінше, «Қазақмыс» жобаға қатысушы ресейлік серіктес, екі ірі кәсіпорынмен Қазақстан аумағында бірлескен кәсіпорын (БК) құру туралы келісімге қол жеткізген. Атап айтқанда, «Подольск машинажасау зауытымен БК құру туралы келісімшартқа қол қойып, қазір «Қазақстан Инжиниринг» компаниясы құрылды», - деді ол.

«Біз ресейлік әріптестерге Қарағандыдағы өндіріс алаңдарындағы жинақтауды 40% мөлшерінде қамтамасыз ету туралы міндет қойып отырмыз. Жоғарғы технологиялық жабдықтар Мәскеудегі зауытта жиналуы тиіс, ал жабдықтарды сатып алып, оны Қазақстанда жинақтау біздіңше мүмкін емес. Қосымша жабдықтарды біз өзіміз осында жинаймыз», - деді Н. Коробовский.
Оның мәліметтерінше, энергомашинажасау саласындағы ТМД-дағы ірі кәсіпорын – ресейлік «Силовые машины» ААҚ-мен келісімшарт жасалды. БК құрудың бір міндетті шарты - Қазақстандық мазмұнның болуы.
«Қазақстан аумағында өндірістер ашылып, ондағы қазақстандық мазмұн 40% шамасында болатыны туралы келістік, - дейді Н. Коробовский. – Осылайша, біз №8, №2, №1-ші энергоблоктар мен Балқаш ЖЭС-інің жабдықтарын жартылай Қазақстанда жасауды іске асырмақшымыз»