Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2441 0 пікір 17 Ақпан, 2010 сағат 04:13

AES электр қуатын жеткізіп тұру туралы Silicium Kazakhstan-мен жасаған келісімшартты тоқтатты

Қарағанды. 16 ақпан. ҚазТАГ– «AES Қазақстан» ЖШС электр қуатын 10 жыл бойына жеткізіп тұру туралы Silicium Kazakhstan-мен жасаған келісімшартты тоқтатты. Бұл туралы дүйсенбі күні Қарағанды облыстық әкімдікте индустрия министрі Әсет Исекешев осы өңірге жасаған жұмыс сапары барысында өткізген кеңесте, Silicium Kazakhstan-ның бас директоры Александр Сутягинский мәлім етті.

«Мәселе электр қуатымен қамтамасыз етуде тұр. AES электр қуатын жеткізіп тұру туралы бізбен жасаған келісімшартты тоқтатты. Біз зауытты іске қосу мерзімін ұзарттық. Ал ол келісімшарт жоба үшін ауадай қажет болатын», - деді А. Сутягинский.

Еске сала кетсек, Қарағандыда іске қосылуы тиіс металлургиялық кремий өндіретін Silicium Kazakhstan компаниясымен салған зауыт «Қазақстанның корпоративті 30 көшбасшы» бағдарламасына енгізілен. Жобаның жалпы құны 110 млн еуро. Пештердің алғашқы іске қосылуы 2008 жылы 9-шы желтоқсанда мемлекет басшысының қатысуымен іске асырылған. Жобалық қуаты жылына 25 мың тонна металлургиялық кремий өндіруге есептелген.

Өндіріс қуатты көп қажет ететін салаға жатады. Сондықтан зауыттың тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін, «AES Қазақстан» ЖШС мен Silicium Kazakhstan 10 жылға тұрақты электр қуатын алу тұралы келісімшарт жасаған. Келісімшартқа сәйкес, 2008-20017 жылдар аралығында электр қуатын «AES Қазақстан»-ның бөлімшесі болып талыдатын «AES Екібастұз» ЖШС (Павлодар облысы) жеткізіп тұруы тиіс болатын. Бұл келісімшарт 10 жыл бойына электр қуатына деген тұрақты тарифті қарастырған. Бұл келісімшартты американдық компания тоқтатты.

Оның себебі зауыт әлі күнге тоқтап тұрғандығы және өнім шығармай жатқандығы болуы мүмкін. А. Сутягинскидің айтуынша, оған «объективті және субъективті себеп көп». Оның айтуынша «маусымда зауыт тауарлық өнімді шығара бастайды». 

Қарағанды обысының әкімі Серік Ахметов те, министрге қаратып, зауытты электрмен қамтамасыз ету маңыздылығын атап өтті.

«Мамыр-маусымда біз ерекше өндірісті іске қосамыз. Және үкіметтен, атап айтқанда, индустрия министрлігінен біз зауытты электр энергиясымен қамтамасыз ету мәселесін шешуге араласуын сұраймыз», - деді әкім кеңес барысында.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1471
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5418