ОҚО мен Мәскеу жеміс-көкөніс өнімдерін жеткізіп тұру туралы меморандумға қол қойды
Шымкент. 18 ақпан. ҚазТАГ – Оңтүстік Қазақстан облысының (ОҚО) әкімдігі мен Мәскеу мэриясы жеміс-көкөніс өнімдерін тікелей жеткізіп тұру туралы меморандумға қол қойды.
Мәскеу тұрғындары күніне 30 мың тоннадан астам жеміс-көкөніс өнімдерін тұтынады, деді ОҚО әкімінің бірінші орынбасары Берік Оспанов. Оңтүстік Қазақстан диқандары жылына 500 мың тонна көкөніс өндіреді. Бұл облыс қажеттінінен 4 есеге артық. Егер тұрақты сатып алып отыратын нарық болса, өндірісті тағы да 4 есе қиналмай арттыруға мүмкіндік бар.
«Кедендік одақ аясында біздің алдымызда жаңа мүмкіндіктер пайда болды және біз оны ұтымды пайдалана білуіміз керек», - деп есептейді Б. Оспанов.
Мәскеу делегацясы ОҚО-да екі күн болды. Мэрия өкілдері Сайрам, Сары ағаш пен Мақтаарал шаруашылықтарында болып, көкөніс пен жеміс жеткізушілермен тіклей кездесіп қайтты.
Ресейліктер де өнімділікті тағы 15-20%-ға арттыру үшін өз инновацияларын беуге дайын. Мысалы Мәскеу өкілдері ОҚО диқандарына биоконтейнерлерді пайдалануды ұсынды. «Биоконтейнер өсімдікке қажеттінің барлығы ішінде бар шар іспеттес. Сондықтан мұндай технология бірінші кезекте судан тапшылық көретін өңірлерге қажет», - деді Мәскеу мэриясының кеңесшісі Евгений Воловик.

Биыл биоконтейнерлер мақта шаруашылығы ҒЗИ-де бірқатар өсімдіктер үшін қолданылып көреді. «Келесі жылы Ресейліктер бізге шамамен 2 млн-дай биоконтейнер жеткізіп береді. Олардың құны біз өсіріп Мәскеуде сататын өнім құнының ішінде болады», - деді мақта шаруашылығы ҒЗИ директоры Ибадулла Үмбетаев.
Мәскеу делегациясының сапары Қазақстанның Ресейдегі төтенше және өкілетті елшісі Зауытбек Тұрысбековтың ұйымдастыруымен өтті.