Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 7831 0 пікір 3 Наурыз, 2010 сағат 18:03

Картада – «қытай территориясы»

Бұл карта (суретте) қытайдың жалпы білім беретін мектептерінде 9-сынып оқушыларына арналған тарих пәнінің оқулығында пайдаланылады екен. Карта оқушыларға «1860 жылы Патшалы Ресей күшпен тартып алған бұрынғы Қытай территориясы» деп түсіндірілетін көрінеді.  Қытай  оқулықтарына 1949 жылдан бері енген  картада Жамбыл облысынан бастап күншығысқа қарай созылған қазақтың жазиралы өлкесі, тауы мен тасы, қалалары мен өзге де нысандары патшалы Ресей тартып алған қытай дүниесі ретінде ұқтырылып келе жатқанға ұқсайды.

Қазақстан Қытаймен арадағы шекарасын анықтап, белгілеп алған ел. Ежелден қоңсылас. Көрші отыр. Сондықтан Қытайдың  бұндай жосықсыз деректі тарихи құжат ретінде ұстануына қарсылық білдіруге толық қақысы бар. Алайда, біздің билік өзінің әлгіндей қақын еш кәдеге жаратқан емес. Есесіне, жалға жер беремек болып жанығып отыр. Аса құпия бір дерек көздеріне сүйенсек,  2004 жылы Алакөл ауданынан (Алматы облысы) 7000 га  жерді он жылға, яғни, 2014 жылдың соңына дейін жалға алған 3 мың қытай (хәнзу) азаматы қазір өнімді еңбек етіп жатыр-мыс.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5340