Жексенбі, 20 Сәуір 2025
Жаңалықтар 2424 0 пікір 12 Наурыз, 2010 сағат 09:06

Ойын ережесі өзгерді

Қазақстанның саяси ахуалын бағамдап жүретін сарапшылар билік басында әне-міне ауыс-түйіс болады дегелі қай заман. Дегенмен, ешкім де өзгерістің дәл бұлай тосыннан, төтеннен боларын болжаған жоқ еді. Сонымен, өзгеріс болды, тіпті мемлекетті басқару механизіміне өзгеріс енді. Бұл жайлы бүгін Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өткен индустриялық даму бағдарламасын орындау жөніндегі жиналыста белгілі болды.

Бұдан былай Қазақстанда Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі жұмыс істейді. Оның тізгіні вице-премьерлікпен бірге алып жүру міндеті Әсет Исекешевке тапсырылды.
Бірде қосылып бірде қайта бөлініп  жүретін Мәдениет және ақпарат министрлігі тағы екі жарылды. Өз алдына жеке шаңырақ көтерген Мәдениет министрлігін Мұхтар Құл-Мұхаммед басқарады. Ал ақпарат саласы байланыс секторымен қосылып, Байланыс және ақпарат министрлігі құрылды. Су жаңа министрлікті  басқару «Қазақтелеком» компаниясының бұрынғы басшысы Асқар Жұмағалиевке тапсырылды.

Бұдан басқа бұрын соңды болмаған жаңа мекеме - Қазақстанның Мұнай-газ министрлігі шаңырақ көтерді. Сауат Мыңбаев  осы «жас отаудың» «отағасы» атанды. Ал ол басқарып келген Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі  бюджетті жоспарлау және қаржы министрлігіне жүктелетін болды.

Тағы бір жаңадан құрылған мекеме  Экономикалық даму және сауда министрілігіне Жанар Айтжанова бекіді.

Бек Датұлы

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2056
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4918
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4114