Сәрсенбі, 9 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 3028 0 пікір 12 Наурыз, 2010 сағат 11:04

"Еңбек ері" енді демалысқа шықты...

Ұзақ жылдардан бері лауазымды мемлекеттік қызметтерде болған Әбіш Кекілбаев кетіп барады.  Демалысқа. Сенатордың кең креслосын толтырып отыра бергеннен шамасы жалықса керек.  Мемлекеттік қызметтерді атқара келіп 70 жасында "Еңбек ері" атанған Әбекеңді сенат лайықты құрметпен шығарып салғанға ұқсайды.

70 жас демекші,  бүгін өткен алқалы жиында - индустриялық даму бағдарламасын орындау жөніндегі жиналыста Президент аппаратының жетекшісі Аслан Мусин мырза сондай бір сүйкімі кеткен сүр әңгіменің  шетін шығарып еді Елбасы оны тиып тастады. Асекең басекеңнің биылғы жетпіс жасын жаһанға жар салып тойлауды ұсынды, өйткені оны сол жаһанның тұрғындары қалап отыр-мыс. Басекең мұндай жағымпаздық жарысынан әбден шаршаған-ау деймін, қолын бір-ақ сілтеп, «менің мерейтойымды өткіземіз деп тыраштанғандарды жұмыстан қуып дырдай қыламын, одан да ел тәуелсіздігінің 20 жылдығын атап өтуге дайындалыңдар» деді.

Бек Датұлы

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1018
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2561
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 711
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 677