Жексенбі, 20 Сәуір 2025
Жаңалықтар 2533 0 пікір 15 Наурыз, 2010 сағат 06:39

Алматы облысында су тасқынынан қаза болғандардың әр қайсысына 500 мың теңгеден жәрдемақы төледенеді – әкімдік

Талдықорған. 15 наурыз. ҚазТАГ – Алматы облысының Ақсу ауданындағы Қызылағаш аулында су тасқынынан адам өлімі орын алған төтенше жағдайға байланысты облыс әкімдігі әрбір қаза болған адам үшін 500 мың теңгеден жәрдемақы төлейтін болады, деп хабарлады облыс әкімшілігінің баспасөз қызметі.

Одан басқа, су тасқынынан зардап шеккен әрбір отбасына (баспанасыз қалған, мал-мүлкінен айрылған) республика үкіметі 121 мың теңгеден өтемақы төлейтін болды.

Бұрын хабарланғандай, мемлекеттік комиссия шешімімен Қызылағаш аулында жаңа үйлер тұрғызылады. Құлайын деп тұрған үйлер жөнделеді. Бір де тұрғын көмексіз қалмайды – дейді баспасөз қызметі.

Сонымен қатар қаза болғандар туралы мәліметтер әзірге қарама-қайшы болып тұр. Мемлекет басшысы сенбі күнгі кеңесте қаза болған 35 адам туралы айтқан болатын. Облыс әкімшілігі мен ТЖМ ресми мәліметтерінше бүгінге табылған мәйіттер саны 34. Қаза болғандарды іздестіру жұмыстары жалғасуда.

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2058
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4919
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4119