Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2229 0 пікір 15 Наурыз, 2010 сағат 06:40

Алматы облысындағы су тасқынынан қаза болған 34 адамның бесеуі әлі танылған жоқ – әкім

Талдықорған. 15 наурыз. ҚазТАГ– Алматы облысындағы Ақсу ауданы Қызылағаш аулындағы су тасқынынан қаза болған 34 адамның бесеуі әлі танылған жоқ, деп дүйсенбі күні облыс әкімі Серік Үмбетов мәлім етті.

«Табылған 34 мәйіттің 5-еуі кімдікі екені әзірге белгісіз. Белгісіз мәйіттерді сұрап бізге әзірге ешкім келген жоқ», - деді әкім С. Үмбетов. Оның айтуынша, шалғайда апатқа ұшырап қалғандарды іздестіру үшін ауыл маңын ұшып, аралап көру әлі жалғасуда.

11-ші наурызда 22 сағат 20 минутта қызыл су мен еріген қар және жауыннан Қызыл-Ағаш су қоймасын су жырып, аттас ауылды су басып қалған.

Облыс ТЖ департаментінің мәліметтерінше, ауылдағы ғимараттардың 70% қираған. Қызыл-Ағаш кентінде барлығы 2 240 адам өмір сүрген. Соңғы мәліметтер бойынша қаза болғандардың 34-інің денесі табылды.

Жексенбі күні 12 өлікті жерлеу рәсімі болып өтті. Оларды Талдықорған мен Көксу аудандарында жерледі. 15-ші наурыз облыстық мәслихат шешімімен Қызылағаш аулының қаза болған тұрғындарының рухына тағзым ретінде «Қаралы күн» деп жарияланды.

ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен вице-премьер-индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешовтың басшылығымен мемлекеттік комиссия құрылды. Оның құрамына ТЖ, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, көлік және коммуникация, қоршаған ортаны қорғау министрліктерінің басшылары мен Алматы облысының әкімі және бас прокурор кірді.

Н. Назарбаев 16-шы наурызға дейін апат себептерін анықтауды тапсырды. Сондай-ақ ол республиканың барлық су қоймаларындағы бөгеттерді тексеруді тапсырды.

Кеңесте премьер-министр Кәрім Мәсімов баяндағандай, Қызыл-Ағаш аулындағы су қоймасы жеке меншіктегі су қоймасы болып шықты. Бірақ С. Үмбетов су қоймасының нақты кімдерге тиесілі екенін атай алмады. «Маған су қоймасының иелерінің есімдері белгісіз», - деді ол ҚазТАГ тілшісіне.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1474
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5446