Премьер Алматыға жасаған сапары барысында қаланың даму перспективасы мен Азиядаға дайындық жағдайымен танысады
Алматы. 23 наурыз. ҚазТАГ – ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов Алматыға жасаған екі күндік сапары барысында қаланың даму перспективасы мен 2011 жылғы қысқы Азиядаға ойындарына дайындық жағдайымен танысады.
Премьердің баспасөз қызметі хабарлағандай, К. Мәсімов бірінші күні бірнеше нысандарды аралап көрмекші.
Ол IT университеттің материалдық-техникалық базасымен, «Самал» ықшамауданында «№46-шы нысанда» жүріп жатқан құрылыс барысымен танысыпақшы.
Одан соң үкімет басшысы Азияда-2011 бағдарламасына қосылған бірнеше спорттық нысандарды аралап көрмекші. Оның Балуан Шолақ спорт Сарайы, шаңғы трамплиндерінің халықаралық кешені, ішінде «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ қаржыландырып отырған электр подстанциялары, таудағы «Медеу» мұз айдыны және «Шымбұлақ» таушаңғылық шипажайы бар.
24-ші наурызда премьер қаланы дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізеді.
Бұрын К. Мәсімов: «Алматының дамуына қатысты барлық мәселелерді мен 24-ші наурызда Алматыда өткізбекші болып отырған көшпелі кеңесте қарастыруды жоспарлап отырмын», - деп мәлімдеген.
Алматы әкімдігінде өтетін кеңес күн тәртібінде 2011 жылғы Азия ойындарының нысан құрылысытарының барысы, тұрғын үй құрылысының күйі, сондай-ақ «Бизнес жол картасы – 2020» бағдарламасын талқылау мәселесі бар.