Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3308 0 пікір 23 Наурыз, 2010 сағат 12:16

Үкімет жабайы аңдарды атып алу шегін бекітті

Астана. 23 наурыз. ҚазТАГ – Үкімет өз қаулысымен жабайы аңдарды атып алу 2010 жылғы шегін бекітті.

«Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9-шы шілдесіндегі «Жануарлар әлемін қорғау және пайдалану туралы»  заңына сай Қазақстан үкіметі жануарлар әлемінің нысандарын табиғаттан алудың 2010 жылғы ұсынылып отырған шегін бекітті. ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің аңшылық және орман шаруашылығы комитеті жанауарлар әлемін пайдаланушылар арасында бекітілген шек негізінде квота бөліп берсін», - делінген ресми басылымдарда жарияланған қаулы мәтінінде.

Құжатқа сай аңшыларға ірі аңдардан: 17 бұлан, 267 марал, 3,4 мың елік, 1,83 мың қабан, 586 тауешкі, 47 қоңыр аю, 18 сілеусін атып алуға рұқсат етілген.

Ұсақ аңдардан: 57,85 суыр, 111,6 мың ондатр, 127,7 мың қоян, 12,34 мың түлкі, 3,34 мың борсық, 1,57 мың дала күзенін, 3,2 мың қарсақ, 880 бұлғын, 214 ақкіс, 190 өзен құндызын, 314 америкалық қара күзен, 94 жанат тәрізді ит, 184 тиын, 256 сібір күзенін, 78 құм сарышұнағын, 11 кәмшат, 348 сарышұнақ атып алуға рұқсат етілгін. 

Жабайы құстардан: 218,62 мың жабайы қаз, 794,8 мың үйрек, 135 мың қасқалдақ, 10,45 мың балшықшы, 16 мың құр, 73 саңырау құр мен 382 қарабауыр шіл атып алуға рұқсат берілген.

Атып алуға рұқсат етілген аңдардың түрлері мен сандары ел өңірлеріне қарай бөлінген.

Аталған қаулы ресми жарияланған алғашқы күнен бастап күшіне енеді.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5342