Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2769 0 пікір 27 Мамыр, 2009 сағат 11:23

Тағам өнімдерінен уланған вахта жұмысшылары ауруханадан шығарылды, инфекция ошағы жабылды

Алматы. 27 мамыр. ҚазТАГ – Маңғыстау облысындағы «Ерсай» ЖШС вахталық елді мекенінің тамақтан уланған 146 жұмыскері ауруханадан шығарылды. Олардың ахуалы қанағаттанарлық, жаппай сырқаттану ошағы жабылды, деп хабарлайды ТЖМ.

Бұрын хабарланғандай, 21 мамырда Маңғыстау облысының Қарақия ауданының «Ерсай» ЖШС-нің вахталық мекенінде жұмыс істеп жатқан 84 адам тағам өнімдерінен уланған. Келесі күні сырқаттардың саны 146 адамға дейін көбейді.

Вахта жұмысшылары өткір энтерит алдын ала диагнозымен вахталық мекендегі карантиндік аумаққа жеткізілді.

Энтерит – жіңішке ішек шырышты қабығының қабынуы. Өткір энтерит оқшаулап зақымдау түрінде сирек кездеседі (әдетте өткір гастроэнтерит немесе энтероколит болады), әдетте тегі жұқпалы болады және өткір улану кезінде өршиді. Өткір энтериттің белгілері : жүректің айнуы, құсу, диарея, асқазанның қатты шұрылдауы, түйіп ауыруы.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3239
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5379