Талдықорған мен Қызылағаш аулының арасында тұрақты автобус қатынасы орнатылды
Алматы. 25 наурыз. ҚазТАГ – Талдықорған мен Қызылағаш аулының арасында тұрақты автобус қатынасы ашылды. Бұл туралы Алматы облысының әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Автобус қатынасы күн сайын, таңертең және кешкісін жүргізіліп тұр.
Сонымен қатар әділет басқармасы мен ХҚО мамандары халық арасында құжаттарының барлығы туралы сауалнама жүргізіп жатыр. Қазір жоғалған құжаттардың орнына тегін 350 жеке куәлік берілді. Бұл жұмыс жалғасуда. СТН берілгені туралы 742 адам куәлік алса, ӘЖК 557 адамға берілді.
Ауыл ауруханасының ғимаратында көші-қон полициясы шетелден Қазақстанға тұруға келгендерді тіркеу жұмыстарын жалғастыруда.
«Қазпошта» бөлімшесінде зардап шеккендерге жеке есепшот ашу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бүгінге 1276 есепшот ашылып, олардың 265 шоты балаларға ашылды. Зардап шеккендердің есепшотына 17 млн теңгеден астам қаражат аударылды.
Бүгінге қаза болғандардың 15-інің отбасына 7,5 млн теңге жәрдемақы аударылды. Қаза болған басқалар бойынша жұмыс жүргізілуде. ТЖМ мәліметтерінше қаза болғандар саны 43 адамға жетті.