Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3537 0 пікір 25 Наурыз, 2010 сағат 06:13

«Свобода слова» апталығының меншікті тілшісін ұрып кетті

Алматы. 25 наурыз. ҚазТАГ – Ақтөбеде өз үйінің маңында «Свобода слова» апталығының батыс өңірдегі меншікті тілшісі Игорь Лараны қатыгездікпен ұрып кетті.

«Игорь соңғы кездері Жаңаөзендегі мұнайшылардың ереуілі мен олардың өңірдегі отандық және шетелдік мұнай өндіруші компаниялар арасындағы проблемалары жайлы егжей-тегжейлі жазған болатын», - деп жазады «Свобода слова» газеті бейсенбі күні жарияланған мақаласында.

Тәуелсіз басылым редакциясы аталған оқиға журналистің кәсіби жұмысымен байланысты екеніне күмәнданбайды. Игорьдің өзінің айтуынша, дүйсенбі күні кешкісін ол «Азат» ЖСДП-ның облыстық бөлімше жетекшісі Айдос Садықовпен сұхбаттасқан.

«Біз Садықовпен «Корея Хауыс» кафесінде ешқандай ішімдіксіз отырдық. Ол менің үйімнің жанынан кетісімен маған белгісіз үш адам келіп: «Ларасың ба?... Саған Жаңаөзен сәлем айтып жатыр!», - деп айтқан И. Лараның сөзін газет келтіреді.

Одан кейін белгісіздер Лараны қатыгездікпен соққыға жыққан. Және шабуылдаушылар одан диктофоны мен ұялы телефонын, қымбат фототаппараты мен ақшасын алып кеткен.

Қазір, басылым мәліметтерінше, журналист үйінде емделіп жатыр. Оның басында көгерген жерлер бар, мұрны зақымданған, аузы жарақаттанған.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1456
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3222
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5276