Қазақстанның шығыс бөлігінде атмосфералық тұтас ағым әсер етіп, батысы антициклон ықпалында болады - ТЖМ
Алматы. 27 наурыз. ҚазТАГ – Республиканың шығыс бөлігі сенбі күні атмосфералық тұтас ағым ықпалында болып, мұнда жауын-шашынатып, оңтүстік шығысында молынан жауып, бұрқасындатып, қатты жел тұрады. Қазақстанның батысы антициклон ықпалында болады, деп хабарлады ТЖМ.
Алматы облысында кей жерлерде тұман түсіп, түнде кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрып, Жалаңашкөл ауданында – 20-25 м/с, екпіні 30 м/с болады. Қызылордада, түнде Оңтүстік Қазақстан, күндіз Жамбыл облыстарында кей жерлерде 15-22 м/с жел тұрады. Ақтөбе облысында кей жерлерде тұман түседі. Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде 15-22 м/с жел тұрып, түнде кей жерлерде бұрқасындатады. Қарағанды облысында кей жерлерде 17-22 м/с жел тұрып, түнде көктайғақтанып, күндіз бұрқасын болады. Ақмола облысында түнде 17-22 м/с, екпіні 27 м/с жел тұрып, кей жерлерде бұрқасындатады. Павлодар облысында бұрқасын, 15-20 м/с жел тұрып, кей жерлерде 25 м/с болады.
Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақтанып, 17-22 м/с жел тұрып, екіпіні 25-30 м/с болады.

Алдағы үш күнде Батыс Қазақстан облысының жекелеген өзендерінде көктемгі су тасу үдерісі жалғасады. Қайраққұм су қоймасынан аққан су көлемінің артуынан Шардара су қоймасына құйылатын су мен Сырдария өзеніндегі су деңгейі көтеріледі. Шардарадан молынан ағызған су Қызылорда облысына жетіп, су арнасыан аздап асуы мүмкін. Шығыс Қазақстан өзендерінде су деңгейі көтерілуі мүмкін, тау бөктеріндегі өзендер суға толып, тасуы мүмкін. 27-28-ші наурызда молынан жауын-шашын болады деп күтілуіне байланысты Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстарының тау бөктеріндегі өзендерде су тасиды деп күтілуде.