Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3929 0 пікір 27 Наурыз, 2010 сағат 08:20

Тайландта қамауда болып қайтқан қазақстандық ұшқыштар Ил-76 ұшағының ұсталу оқиғасы американдықтардың саяси ойыны деп есептейді - газет

Алматы. 27 наурыз. ҚазТАГ – Жүк тасымалдайтын Ил-76 ұшағының бір жарым ай бұрын Тайланд түрмесінен оралған қазақстандық ұшқыштары, ол оқиғаны американдықтардың саяси ойыны деп есептейді. Бұл туралы «Время» газетіне ұшақтың штурмандарының бірі Виктор Абдуллаев, газетке тұңғыш рет беріп отырған сұхбатында мәлім етті.

«Жүк әскери жүк деп ойламаймын. Біз бұл жерде амеикостардың саяси ойынымен қақтығысып қалдық-ау. Түрмеде отырып біз тұрақты түрде жаңа газеттерді оқып отырдық. Олар толып жатқан қылмыскерлердің, тіпті кішкентай героинмен түскендердің де суреттерін жариялап жатады. Ал біз туралы барлық жерде «әскери жүк» деп жазып жатты. Бірақ еш жерде қарудың суреттері болмады. Бізге ол жүкті бәрібір көрсетпеді», - деді ұшқыш, болған оқиғаға болжам айта отырып.

«Американдықтар Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасына байланысты алаңдауда. Ал біздің жүк сол жатқан ұшып келеді. Міне сондықтан оларда күдік пайда болып, әскери жүк әкеледі деп ойласа керек. Бірақ олар ешкімге –ешнәрсе дәлелдей алмады, масқара болды», - дейді В. Абдуллаев.

Ұшқыш, экипаждың жүкке тапсырыс беруші туралы ешнәрсе білмегенін және жүк ешқандай да күдік тудырмайтынына сенімді болғанын айтады. «Бізге Солтүстік Кореядан Украинаға жалпы азаматтық жүк жеткізу туралы тапсырма қойылды. Біздің құжатта көрсетілгендей, «мұнай жабдықтарына қажет техникалық бөлшектер». Біз бос түрде Киевтен Пхенянға ұшып шығып, ол жақтан жәшіктерді алып, Украинаға жеткізуіміз керек болатын», - дейді ол.

Тайландта болған оқиға олар үшін күтпеген жағдай болды.

«Біз Бангкокқа отын құйып алу үшін қондық. Бізді тексеріп шықты – бәрі дұрыс болған. Біз отын үшін ақшасын төледік. Енді отын құйып алып, ары қарай ұшуымыз керек болатын. Кенет кеден қызметі: «Біз жүкті тағы қарап шығамыз. Ол құжатқа сай емес деп күдіктенеміз. Бірақ сіздер алаңдамаңыздар: экипаждың тынығуы мен отельде демалуы - біздің есебімізден», деді. Біз тып-тыныш қонақ үйіне кетіп, түнеп шықтық. Таңертең келсек, ұшақ маңында толып тұрған әскерилер жүкті қарап жатыр. Олар ағаш жәшіктерге салынған болатын. Олардың арасында 6 метрлік құбырлар да бар. Олар 49 дана болатын, барлығы 27 тонна. Бізге: «сіздер қамауға алынасыздар», - деп айтты. Екі күн біз полиция учаскесінде отырдық, еденде ұйықтады. Одан кейін бізді түрмеге отырғызды. Жалпы біз Тайланд түрмесінде 64 күн жаттық», - дейді ұшқыш.

Ол оралған соң қазақстандық арнайы қызмет өкілдерімен болған сұхбат жайлы айтудан үзілді-кесілді бас тартты.

Журналистің «Сіздер Алматыға ұшып келген соң, ҰҚК өкілдерімен не туралы әңгімелестіңіздер?», - деген сауалына В. Абдуллаев: «Ешқандай комментарийсіз», - деп жауап берді.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364