Алматыға Сарыбай келе жатыр-мыс
Атқарушы биліктегі ауыс-түйіс енді облыс әкімдері мен мемлекеттік маңызы ерекше қалаларда жалғасын табатын сияқты. Редакциямызға хабарласқан бейресми дерек көзіне сенсек, солай көрінеді. Алайда, биліктегі орынтақтарға белінен батқан бұрынғы лауазым иелерінің мансап ауыстырып жырғайтыны болмаса, пәлендей өзгеріс күтпей-ақ қойғанымыз жөн. Мәселен, Сарыбай Қалмырзаев (суретте). Осы уақытқа дейін бұл кісінің шықпаған төбесі, алмаған «асуы» жоқ. Дегенмен Сәкең Алматыны да бір төбе көріп қалаға әкім болып келе жатқанға ұқсайды. Ал Алматы қаласының қазіргі әкімі Есімов мырза жақсылап тұрып есінеп алып Алматы облысын басқаруға барады-мыс. «Үмбетовты Елбасы тағы да құтқарып қалады» дейді бізге мәлім дерек көзі. Тағы да деуіне себеп, Серік Үмбетов Жамбыл облысының әкімі болған кезде Құланды ауданында қатты жер сілкініп, жұрт баспанасыз қалған. Баспана тұрғызу жұмысын шабан жүргізген Үмбетовке Президент Назарбаевтың «Мен саған бір қала салатындай жағдай туғыздым емес пе?!» деп кейіп, артынан ауылшаруашылығының министрі етіп тағайындап жібергені есімізде. «Қызылағашты алапат тасқын алған заман» деп кейін айтылатын күндерде Алматы облысының әкімі атанған Үмбетов осы жолы да құрамы жаңадан жасақталып жатқан үкімет мүшелерінің бірі болып шыға келсе таң қалмаймыз.
Атқарушы биліктегі ауыс-түйіс енді облыс әкімдері мен мемлекеттік маңызы ерекше қалаларда жалғасын табатын сияқты. Редакциямызға хабарласқан бейресми дерек көзіне сенсек, солай көрінеді. Алайда, биліктегі орынтақтарға белінен батқан бұрынғы лауазым иелерінің мансап ауыстырып жырғайтыны болмаса, пәлендей өзгеріс күтпей-ақ қойғанымыз жөн. Мәселен, Сарыбай Қалмырзаев (суретте). Осы уақытқа дейін бұл кісінің шықпаған төбесі, алмаған «асуы» жоқ. Дегенмен Сәкең Алматыны да бір төбе көріп қалаға әкім болып келе жатқанға ұқсайды. Ал Алматы қаласының қазіргі әкімі Есімов мырза жақсылап тұрып есінеп алып Алматы облысын басқаруға барады-мыс. «Үмбетовты Елбасы тағы да құтқарып қалады» дейді бізге мәлім дерек көзі. Тағы да деуіне себеп, Серік Үмбетов Жамбыл облысының әкімі болған кезде Құланды ауданында қатты жер сілкініп, жұрт баспанасыз қалған. Баспана тұрғызу жұмысын шабан жүргізген Үмбетовке Президент Назарбаевтың «Мен саған бір қала салатындай жағдай туғыздым емес пе?!» деп кейіп, артынан ауылшаруашылығының министрі етіп тағайындап жібергені есімізде. «Қызылағашты алапат тасқын алған заман» деп кейін айтылатын күндерде Алматы облысының әкімі атанған Үмбетов осы жолы да құрамы жаңадан жасақталып жатқан үкімет мүшелерінің бірі болып шыға келсе таң қалмаймыз. Құрамы жаңадан жасақталып жатқан үкіметтің төріндегі «уақытша үкіметбасшысы» Мәсімов ұлттық компаниялардың біріне ауысады деген сөз Астана жақта гулеп тұр.
Астананың әкімі Иманғали Тасмағамбетов Әбіш Кекілбаевтан босаған сенатор орынтағына жайғаспақ екен.
Алайда мұның бәрі ықтимал өзгерістер. Өйткені бізде қосылғыштардың орындары ауысқанымен қосындының өзгермейтіні әбден дәлелденіп болды емес пе?..
«Абай-ақпарат».