Дүйсенбі, 25 Қараша 2024
Жаңалықтар 3292 0 пікір 31 Наурыз, 2010 сағат 06:45

Шығыс Қазақстандағы су тасқынының зардаптарын жою жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылды

Астана. 31 наурыз. ҚазТАГ – Айгүл Түлекбаева. Шығыс Қазақстан облысындағы (ШҚО) су тасқынының зардаптарын жою жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылды, деп парламент мәжілісінің спикері Орал Мұхамеджанов мәлім етті.

«Бүгін мемкомиссия құрылды, оның құрамына ТЖ министрі Божко кірді. Қазір олар ШҚО-да жұмыс жүргізіп жатыр. Жағдайды бақылауда ұстап отыр», - деді ол сәрсенбі күні мәжілістегі алқа отырысында.

Мәжілісмен Нұртай Сабильяновтың мәліметтерінше, Шығыс Қазақстан облысында Абай, Зайсан, Тарбағатай және басқа аудандарда 26 елді мекенді су алды.

«1187 үй, 1512 қора-қопсы, 323 қыстауды су басып, 836 үй, 479 қора-қопсы мен 24 қыстау қирады», - деді ол.

Осыған байланысты ол премьер-министрге сауал жолдап, қираған және пайдалануға жарамайтын үйлердің орнына жаңа үйлер тұрғызу үшін қаржы бөлу мен сондай-ақ малдарынан айрылғандарға жәрдемақы бөлу мәселесін қарауды сұрады.

Сондай-ақ депутат мемлекеттік резервтен азық-түлік, киім-кешек бөліп, зардап шеккен ауылдардың мектеп бітірушілеріне БТЕ тапсырғанда жеңілдік беру керек деп есептейді.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1528
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3311
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5948