Сейсенбі, 26 Қараша 2024
Жаңалықтар 3183 0 пікір 31 Наурыз, 2010 сағат 06:48

Қазақстан ЕҚЫҰ төрағасы ретінде приднестровьелік шиеленісті реттеуде көрсеткен көмегі үшін Украинаға ризашылығын білдіреді – Саудабаев

Киев. 31 наурыз. ҚазТАГ – Дина Ермағанбетова. Қазақстан ЕҚЫҰ төрағасы ретінде Приднестровьедегі шиеленісті реттеуде көрсеткен сындарлы көмегі үшін Украинаға ризашылығын білдіреді. Бұл туралы ЕҚЫҰ-ның ісбасындағы төрағасы, ҚР мемлекеттік хатшысы – сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев, украиналық  «День» газетіне берген сұхбатында мәлім етті. Ол сұхбат сәрсенбі – оның Киевке сапары басталатын күні жарияланды.

«Аймақтық қауіпсіздік саласындағы қауіп-қатерлерге, атап айтқанда созылмалы шиеленістерге қарсы тұру - Қазақстанның ЕҚЫҰ-на төрағалығының негізгі басымдықтарының бірі болып табылады. Украинаның приднестровьелік реттеулерге сындарлы араласып отырғаны осы мақсатқа жетудегі айтарлықтай үлес болып отыр. Және мен украиналық әскери бақылаушылар контингентімен қауіпсіздік зонасында жүргізіп отырған маңызды жұмысты бағалаймын», - деді Қ. Саудабаев газетке.

ЕҚЫҰ елдерінің ортақ мақсаты, дейді ол, «шиеленістен азат, экономикалық тұрақты және өркендеп отырған өңірлерді құру».

ЕҚЫҰ аясындағы ынтымақтастықтың осы және басқа да бағыттарын Қ. Саудабаев қазіргі сапарының барысында Украина басшылығымен талқыламақшы.

«Украина мен Қазақстанның ортақ тарихы бар, біз өтпелі кезеңнің ұқсас проблемаларына кезігіп отырмыз. Сондықтан біз жағдайға және оның даму перспективасына ерекше көзқараспен қараймыз. Және бұл, өз аясында жаңа қауіп-қатерлерге қарсы әсерлі тетіктерді жасауға бағытталған диалогты жүргізіліп отырған Корфу үдерісіне лайықты үлес қосу үшін өте маңызды», - деп сенеді дипломат. 

Қазақстан ЕҚЫҰ төрағасы ретінде барлық күш-жігерін «осы бір күрделі кезеңде ұйымның тиімділігі мен қажеттілігін арттыруға» бағыттайды, дейді Қ. Саудабаев. «Дәл осыны ЕҚЫҰ елдерінің халықтары  бізден күтіп отыр. Және біз бірге әрекет ете отырып, осы игі мақсатымызға қол жеткіземіз деп сенеміз», - деді ол.

Бұрын хабарланғандай, ЕҚЫҰ ісбасындағы төрағасы Қ. Саудабаев сейсенбі күні кешкісін Киевке сапармен келді. Украинадағы сапары аяқталған соң ол Молдоваға аттанады. Молдова басшылығымен келіссөздер аяқталған соң Қ. Саудабаев Тираспольға келіп, Приднестровье көшбасшысы Игорь Смирновпен кездеседі.

Украина Молдовағады Приднестровье шиеленісін реттеуде Ресей және ЕҚЫҰ-мен бірге делдал болып және консультация жүргізіп отырғаны белгілі. АҚШ пен Еуропалық одақ - бақылаушылар ретінде қатысады. Шиеленіс тараптарының ара-қатынасы күрделі болып қалып отыр.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1528
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3311
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5949