ОҚО-да денсаулық сақтау саласындағы екі ұрлаушылық мемлекетке 84 млн теңге шығын әкелді
Шымкент. 27 мамыр. ҚазТАГ – Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша экономикалық және сыбайлас жемқорлықпен күрес департаменті «Оңтүстікқазмедтехника» ЖШС директорының үстінен қылмыстық іс ашты. Бұл туралы департамент баспасөз қызметінің жетекшісі Жұпар Мамутова хабарлады.
«Оңтүстікқазмедтехника» ЖШС 2006 жылы біздің облыстың аудандық емханаларына деп арналған медициналық «ВС-3000 PLUS» маркалы гематологиялық талдама жабдықтарына тендерді ұтып алып, контрафактылық жабдықтарды жеткізген. Ол ҚХР-да жасалған және біздің ГОСТ-қа сай емес. Сол арқылы фирма бюджеттің 77,8 млн теңге қаражатын жымқырған», - деді Ж. Мамутова.
Қаржы полициясы тағы бір қылмысты ашуды аяғына жеткізді. Түркістан қалалық орталық емхана дәрігері Хамза Досжанов шартты түрде 1 жыл 6 айға сотталды. «Ол емханаға 6,5 млн теңгелік жабдықтар алынғаны туралы актіге қол қойған. Ал ол жабдықтар емханаға түспеген. Медициналық жабдықтар алуға деп бөлінген мемлекет қаражатын жымқырғаны үшін «Отан Достар» ЖШС жетекшісі Нурлан Досымбетов сотталды. Сот оны 6 жылға соттады», - деп түсіндірді баспасөз қызметінің жетекшісі.