Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2545 0 пікір 28 Мамыр, 2009 сағат 12:54

Есеп комитеті шілдеге жоспарланған «Қазатомөнеркәсіп» компаниясына тексеру жұмыстарын белгісіз мерзімге кейінге қалдырды

Астана. 28 мамыр. ҚазТАГ – Әсел Мұқанова. ҚР Есеп комитеті «Қазатомөнеркәсіп» компаниясына тексеру жұмыстарын алдында жоспарланған шілде айынан белгісіз мерзімге кейінге қалдырды, деп хабарлады Есеп комитетінің басшысы Омархан Өксікбаев.

«Біз шілдеде тексеру жұмыстарын бастауды жоспарлаған болатынбыз. Бірақ қазір белгілі жағдайларға байланысты онда құқық қорғау органдары жұмыс істеп жатыр», - деді О. Өксікбаев бейсенбі күні журналистерге қаржылық бақылаудың жоғарғы органдарының бақылаушы-қадағалаушы органдармен ынтымақтастығы мәселелері бойынша конференцияның барысында.

Ол есеп комитеті осыдан екі жыл бұрын «Қазатомөнеркәсіп» компаниясын тексергенін жеткізді. «Ол кезде біз жекелеген кемшіліктерді және қаржыны тиімсіз пайдалану деректерін анықтаған едік, оларды жою үшін тиісті кеңестер бергенбіз», - деп атап көрсетті О. Өксікбаев.

Бұрын хабарланғандай, ҚР ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішевті қамауға алған болатын. Сот оны қамауға алуға санкция берді. ҰҚК баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, М. Жәкішев пен ұлттық компанияның бірқатар лауазымды тұлғалары «ірі көлемде қаржы жымқырды» деп күдіктеліп отыр. ҰҚК оларға қатысты қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізуде.

Бұған дейін М. Жәкішев бес прокуратураның ұйғарымымен «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ басқармасының шешімімен «Қазатомөнеркәсіп» басшысы қызметінен босатылған болатын.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377