«Самұрық-Қазына» ресейлік Сбербанкке «БТА банктегі» бүкіл үлесін сатуға дайын; келіссөздер тамызда жалғасады –мемхолдингбасшысы
Астана. 28 мамыр. ҚазТАГ – Дина Ермағанбетова. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры ресейлік Сбербанкке «БТА банктегі үлесінің бір бөлігін немесе 75% пайыз үлесін түгел сатуға дайын, деп хабарлады мемхолдингтің басшысы Қайрат Келімбетов.
«Бастапқыда біз Сбербанкпен бұл пакет (ҰӘҚ-ның банктегі үлесі - ҚазТАГ) тең екіге бөлінеді деп талқылаған болатынбыз. Сбербанк «Самұрық-Қазынаның» акционерлер қатарында қалуын талап етуде. Біз тең пакетте де қалуға, 25% кем үлеспен кетуге, тіпті бүкіл пакетті сатуға да дайынбыз», - деді ол бейсенбі күні баспасөз мәслихатында.
Сбербанкке «БТА банк» акциялары пакетінің қандай көлемін сату туралы шешім «жағдайлар мен түрлі факторларға байланысты» болады, деп мәлім етті Қ. Келімбетов.
Оның айтуынша, бұл мәселе тамыз айында талқыланатын болады.
«Греф мырзамен кездесу барысында (Сбербанк басшысы - ҚазТАГ) «БТА банктің» қарыздарын қайта құрылымдау бойынша келіссөздерден кейін, тамыз айында біз Сбербанктің кіруіне қатысты нақты келіссөздерге кірісу туралы уағдаластыққа қол жеткіздік», - деді мемхолдинг басшысы.
Ол «БТА банк» ТМД елдерінде үлкен филиалдық желісіне ие болғандықтан, ресейлік банк бұл келісімшартқа үлкен қызығушылық танытып отырғанын атап көрсетті.