Бейсенбі, 10 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 2951 0 пікір 21 Сәуір, 2010 сағат 04:30

Бішкекте тонауға ұшыраған үкімет үйінде аман қалған сейфтен 11 млн сомнан аса ақша табылды

Бішкек. 20 сәуір. ҚазТАГ - Қырғызстанның үкімет үйін күзетуші штаб жасақтары тоналған ғимараттан 11 млн сом ақша тауып алып, уақытша үкіметке табыстады, деп хабарлайды АКИpress аталған ғимараттың күзет штабының өкілі Таалайбек Жұмабаевқа сілтеме жасап.

8-12 сәуірде үкімет үйін күзеткен жасақтар ғимаратты тексеру барысында 7 қабаттың солтүстік бөлігі миналанғанын анықтаған. Сапер мамандарға сілтеме жасаған Т.Жұмабаев жарылғыш құрылғыларының көлемі жетінші қабатты түгелдей жарып жіберуге жететінін айтты.

Олар 6 қабаттың солтүстік бөлігінде жарылыс болғанын, оның салдарынан жалпы аумағы 300-400 ш.м. екі бөлме қирауға ұшырағанын хабарлады. Сондай-ақ, төбені тексеру барысында шприцтер табылған. Жасақтардың пікірінше, бұл шприцтерді снайперлер есірткі егу үшін пайдаланған.

Күзет штабының өкілі Расул Уметалиев сейфтердің барлығы бұзылғанын хабарлады. Кеңестік заманнан қалған бір сейфке ғана қол тигізбепті. Штаб өкілдері оның ішінен 11 млн 129 мың сом ақша тапқан, бұл $246 мыңға тең.

Жасақтардың айтуынша, олар үкімет үйін күзетуді уақытша үкіметке 9 сәуірде бермек болған. «Бірақ біз келгенде қабылдау бөлмесінде билікке ұмтылған адамдар қаптап тұрды. Бәрі портфельді бөлумен болды », - деді Р.Уметалиев.

Жасақтардың айтуынша, олар үкімет үйін «мемлекеттің беделін» сақтап қалу үшін күзеткен.

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1048
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2595
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 734
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 692