Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2374 0 пікір 21 Сәуір, 2010 сағат 14:00

Ақтөбе облысында дәрі-дәрмек жеткізу ретке келтірілді

Ақтөбе. 21 сәуір. ҚазТАГ - Ақтөбе облысында дәрі-дәрмек жеткізуге қатысты жағдай тұрақтандырылды, деп мәлім етті медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау жөніндегі облыстық департаменттің бастығы Рахымжан Арыстан.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта облыста дәрі-дәрмек жетіспеушілігі жойылды.

«Жақында Ақтөбеге «СҚ-Фармация» өкілі келді. Ол корпорацияның филиалы -  «Стофарм» ЖШС-інің қоймаларын аралап, ауруханаларға барды. Біздің сарапшылардың соңғы мәліметтеріне сәйкес, ЖШС бағытталған қаржының 32 % игерді», - деді Р.Арыстан.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы да бұл ақпаратты қуаттап отыр. Дәрі-дәрмек бөлімінің бастығы Айгүл Дүйсенбаеваның айтуынша, апта сайын Ақтөбеге дәрі-дәрмек артылған бірнеше көлік келіп, кейін ол дәрі медициналық ұйымдарға таратылады.

Еске сала кетейік, ақпан айында барлық ауруханаларда дерлік тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі бойынша жеткізілетін дәрі-дәрмек аяқталған болатын. Бірыңғай дистрибьютор «СҚ-Фармация» республиканың медициналық мекемелеріне дәрі-дәрмекті дер кезінде жеткізе аплмады.

Р.Арыстанның айтуынша, кәсіпорын басшылығы мұны шетелдік компаниялардың жеткізілімдерді жүзеге асырмай отырғанымен түсіндіріп, жағдайды 10 мамырға дейін реттеуге уәде етті.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5417