Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2550 0 пікір 21 Сәуір, 2010 сағат 14:01

Қазақстанда құнды қағаздар нарығының кәсіпқой қатысушыларының қауымдастығы KASD құрылады

Алматы. 21 сәуір. ҚазТАГ - Ақжол Сәдешов. Республикада Қазақстандық құнды қағаздар нарығының кәсіпқой қатысушыларының қауымдастығы - KASD құрылады. Бұл туралы сәрсенбі күні қоғамдық ұйымды құру туралы бастама көтерген инвестициялық компаниялардың басшылары мәлім етті.

KASD «БТА Секьюритис», «Верный Капитал», «Resmi» ИҚҮ», «Қазкоммерц Секьюритиз», «Сентрас Секьюритиз», «Тройка Диалог Казахстан», «Halyk Finance» бастамасымен, Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының, Қазақстандық қор биржасының және құнды қағаздардың орталық депозитариінің қолдауымен құрылуда. Соңғылары жоғарыда аталған ұйымдармен бірге KASD мүшелері болады.

Қауымдастықты құрудағы негізгі мақсат қазақстандық қор нарығының тәжірибесіне өзара мойындау мен сенімге негізделген кәсіпқой тәртіптің әдеп стандарттарын енгізу болып табылады.

«Жалпы айтатын болсақ, қор нарығында жұмыс істейтін, бір-бірін танитын, бір-біріне сенетін адамдардың бейресми клубы бұрын құрылған. Енді осы бейресми қарым-қатынасты ресми, заңдастырылған қалыпқа түсіретін кез келді. Жаңа қауымдастық іскерлік әдептің бірдей қағидаларын ұстанатын және осы іскерлік әдептің қағидалары жаппай мәнге ие болғанын қалайтын адамдарды жұмылдыру әдісі болып табылады», - деді Азамат Жолдасбеков. Оны KASD президенті қылып сайлау жоспарланып отыр.

Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы кеңесінің төрағасы Серік Ахановтың айтуынша, «қауымдастық нормативті-құқықтық базаны дамытуда да үлкен қызмет атқаратын болады». «Біз жаңа қауымдастықтан біздегі қор нарығын қарқынды дамыту бойынша ұсыныстар күтеміз», - деді ол.

KASD жақында заңды тұлға ретінде тіркеліп, ішкі регламенттер мен процедураларды қалыптастырады. Сондай-ақ, қауымдастықтың іскерлік этикасының кодексін жасау жоспарда бар.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5415