Қазақстан президентіне Корея университетінің құрметті ғылым докторы атағы берілді
Сеул. 23 сәуір. ҚазТАГ - Корея университетінің ғылыми кеңесі Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа құрметті ғылым докторы атағын берді, деп хабарлады жұма күні президент баспасөз қызметі.
Н. Назарбаев осыншама үлкен атақ бергені үшін университет басшылығына алғысын білдіріп, Корея университетінің түлектері өз елінің дамуына орасан зор үлес қосқанын атап өтті.
Корея президенті Ли Мён Бакпен келіссөздерді қорытындылай отырып, Н. Назарбаев «екі жақты экономикалық ынтымақтастықта басымдықты ғылымды көп қажет ететін инновациялық жобаларды іске асыруға ден қою» ниеті барлығын білдірді.
«Бұл тұста Қазақстан мен Оңтүстік Кореяның зерттеу институттары мен орталықтары, өзге де жоғары оқу орындары өзаға тығыз байланыстар орнатуда жетекші рөл атқарулары тиіс», - деп атап өтті Қазақстан басшысы.
Нұрсұлтан Назарбаев Корей ғылыми қоғамдастығының алдында Астанадағы Жаңа университетпен ынтымақтасуға мүмкіндіктер ашылып отырғанын атап өтті. Университет биылғы жылы ашылады және қазақстандық білім мен ғылымды дамытудың көшбасшысы ретінде саналып отыр. Бұл жоғары оқу орны ең жаңа, осы заманғы зертханалық және ғылыми-зерттеу орталықтарымен жарақтандырылған.

Қазақстан Президенті сондай-ақ Жаңа университет жұмысына әлемнің көптеген елдерінен мамандар тартылатынына және аталған университетте Корея Республикасының профессорлары да өз лекцияларын оқитынына сенімін білдірді.
Қазіргі уақытта Оңтүстік Кореяның жоғары оқу орындарында Қазақстаннан 100 студент білім алып жатыр.
«Біздің елдеріміз арасындағы келешектегі қарым-қатынастарды осынау жас толқын айқындайтын болады. Біздің елдер халқының арасындағы сенімді нығайту, жалпы құндылықтарды одан әрі қалыптастыру, болашақ Еуразия және күллі әлемнің игілігі мен қауіпсіздігі үшін еңбек ету міндеті соларға жүктеледі», - деп атап өтті Президент.