Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2947 0 пікір 23 Сәуір, 2010 сағат 07:11

Қылмыспен күрес бағдарламасы тиімсіз орындалды - Есеп комитеті

Астана. 23 сәуір. ҚазТАГ - Есеп комитеті 2005-2008 жылдарға арналған құқық бұзушылықтың алдын алу және қылмыспен күрес жөніндегі бағдарламаның «тиімдігі төмен» деңгейде жүзеге асырылғанын атап өтеді, деп хабарлайды республикалық бюджеттің орындалуы бойынша есеп комитетінің баспасөз қызметі.

«Бағдарламаны жүзеге асыру бойынша жоспардың көптеген шаралары декларативтік мәнге ие болған. Есірткі бизнесіне қарсы тұру жүйесінің тиімділігін арттыру шаралары қолға алынбаған», - делінген жұма күні таратылған хабарламада.

Есеп комитетіндегілердің пікірінше, ІІМ бағдарламаның үйлестірушісі бола отырып «оны орындаудың тиімді механизмін қалыптастыруды қамтамасыз етпей, бағдарламаны жүзеге асыруға жергілікті бюджеттерден бөлінген қаржының көлемі, оның игерілу деңгейі, қол жеткізілген нәтижелер туралы толық ақпаратқа ие болмаған».

Комитеттің мәліметтеріне сәйкес, мүдделі мемлекеттік органдардың өзара ықпалдастығын жетілдіру шаралары жеткілікті деңгейде қолға алынбаған. Кейбір жергілікті атқарушы органдар құқық бұзушылық жасауға бейім жасөспірімдермен жұмыс жасайтын әлеуметтік-педагогикалық қызметтерді, алкоголизмге, нашақорлыққа, токсикоманияға салынған адамдарды емдейтін емдеу-алдын алу мекемелерін құрмаған және оңалту ұйымдарының желісін кеңейту шараларын қолға алмаған.

Сондай-ақ, бас бостандығынан айыру орындарынан босаған адамдарды және тұрақты тұрғылықты жері жоқ адамдарды жұмысқа орналастыру, оңалту және әлеуметтік бейімдеу бойынша шаралар тиісті деңгейде жүзеге асырылмаған. Полицияның учаскелік инспекторларының қызметін жетілдіру мәселелері тиімсіз шешілген. Учаскелік полицейлерді материалдық-техникалық қамту деңгейі төмен күйінде қалған, делінген баспасөз мәлімдемесінде.

Бағдарламаны жүзеге асыру нәтижесі бойынша (2009 жылдың 1 қаңтары) қызмет орындарымен учаскелік инспекторлардың 54,7% ғана қамтамасыз етілген, радио байланыспен  60,7%, қызмет көлігімен 28,7%, қызмет телефондарымен 50,5% қамтамасыз етілген. Әлеуметтік-тұрмыстық проблемалары да дұрыс шешілмеген. 4270 учаскелік инспектор немесе жалпы санының 59,2% баспанамен, пәтер телефондарымен 3299-ы немесе 45,8% қамтылмаған, дейді баспасөз қызметі.

Есеп комитеті үкіметке құқық бұзушылықтардың алдын алу және қылмыспен күрес жүйесін жетілдіру бойынша шаралар кешенін қолға алуға кеңес берді.

Есеп комитеті - ҚР президентіне тіркелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік қаржылық бақылаудың жоғарғы органы. Ол республикалық бюджеттің орындалуына, мемлекеттің активтері мен гранттарын, мемлекет кепілдендірген займдарды және мемлекеттік мекемелердің өз пайдалануында қалатын тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түскен қаржыны пайдалануға сыртқы бақылау мен бағалау жүргізеді.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5383