Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3510 0 пікір 20 Мамыр, 2014 сағат 12:40

ҚАЗАҚСТАН ҚЫТАЙДАН 1,5 МИЛЛИАРД $ ҚАРЫЗ АЛАДЫ

Қытай Экспорт-импорт банкі және Қытай мемлекеттік Даму банкі Қазақстан даму банкіне («Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ еншілес кәсіпорны) $1млрд және $500 млн қаржы бөлмек. Бұл туралы нақты келісім Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2014 жылғы мамырдың 19-21 аралығында Қытайға ресми сапары барысында екі ел мемлекеттері басшыларының қатысуымен өткен кездесуде бекітілді. Бұл туралы BAQ.KZ хабарлады.

Қытайдың Экспорт-импорт банкі «Қазақстан даму банкі» АҚ $1 млрд. Көлемінде қаржы бөледі. Бұл қаражат Шымкент мұнай өңдеу зауытын модернизациялау мен қайта жөндеуге бағытталмақ. Аталған несие біздің елімізге Шанхай Ынтымақтастық ұйымының мүшесі болғаны үшін жеңілдетілген түрде беріліп отыр.

Қытай Мемлекеттік даму банкі «Қазақстан даму банкі» АҚ-на Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы Банк аралық бірлестігі аясында $500 млн. бөлмек. Бұл қаржы Қазақстандағы шикізаттық емес сектордағы жобаларды қаржыландыруға жұмсалатын болады.

 

Абай-ақпарат

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1475
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5454